Өлеңдер

 

Қырсығасың, қырсығасың неге сен

Қырсықтықты жақсы қылық демес ем.

Күннен-күнге еркелігің қосылды

Алғашында сен осындай емес ең.

 

Қызғаншақсың, себебі жоқ, шегі жоқ.

Қызғаныш та бір ауру ғой емі жоқ.

Құр қызғаныш сезімдерді өшірер

Онсыз да мына қатынастың реңі жоқ

 

Шыдамсызсың, шыда  біраз дамылда,

Өзіңді-өзің шақыра біл сабырға

Сабырлықпен құйылса егер іргетас

Берік болып тұрмайды ма қабырға

 

Ақылға сал, иманға бер жүректі

Иман ғана түре алады түнекті

Ақылды адам мыңды жыға алады.

Бірді жағып біткен кезде білекті.

 


***

 

Мен сәуірді сүйемін

Неге, айтшы, неліктен?

Әлде сол бір сәуірде маған алғаш келіп пе ең?

Жарқын сенің жүзіңді бірінші рет көріп пе ем?

Жылы сәуір желімен сипап сүйіп жүзімді

Жүрегіме байқатпай жылы-жұмсақ еніп пе ең?

 

Мен сәуірге асығам,

Себебі мен сәуірде өпкен едім бетіңнен,

Қиял менен ғажайып әлеміңе ертіп ең,

Қыстың суық қақаған құрсауынан шығып ап,

Армандаған адамға тек сол айда жетіп ем.

 

Мен сәуірге ғашықпын,

Сәуір де маған ғашық шығар бәлкім,

Ғашықтықты көзден ақ ұғар әркім

Сәуірдің көзі маған күле қарап

Жанымды жылытып ақ тұрды жарқын

 

Мен сәуірді ұнатам

Он бір айдың ішінен ең жақыны сол еді,

Сәуірдің менің жаныма берері де мол еді

Хош иісті гүлімен,  қызыл кілем төселген

Жарқын келер күніме айқын  салған дол еді.

 

Сен сәуірді қалаймын

Себебі көктем кезінде сен де менің  жанымда ең.

Қара торғай оралған, бүршік атқан бағымда ең

Мен ешкімге бермеген, тәжді киіп басыңа

Ұсынбаған ешкімге, менің алтын тағымда ең

 



Бөлісу: