Маусымның соңына таман (кейбіреулері басынан да бастай береді) Астанаааааа деп жырлайды ғой бүкіл телеарналар.
Сол әндердің мәтіндері нервымды ұстатад та менің. Кішкене ерекше қып жазуға болмай ма???
"Астана, жас қала, бас қала" дееееп ұра береді немесе "Астана - ардағым, Астана - арманым", "Астана - арайлы, әлемге күлімдеп қарайды" деген сияқты тіркестер естісем құсқым келеді.>_<
Осы жақында бір жас жігіт (жай Бәйтерек жақта қыдырып жүрген) теледидардан сөйлеп инфаркт бола жаздағам. "Енді ақын болғасын Астанаға өлең арнамау күнә ғой, мына өлеңімді жасырақ кезімде Есілдің жағасында шабыттанып жазған едім" деееп шіреніп "Бас қала, жас қала, мас қала" дегендей өлең оқып берді.
Жындарыңызға тимей ме осы?