"Өлең жазып жүрсің бе?"

- Үйленсеңші, тойға барайық, - деді, әлі күйеуге кетпеген қыз; толқыны жоқ, тып-тыныш теңіздің жылы суына аяғын салып отырып. Жел жоқ. Аспаннан жарты айдың бейнесі көрініп тұр. Аяқталмай қалған бір өлең еске түсіп кетті. Әттең жел жоқ...

Сенің жібек шаштарыңды жел тербеп,

Толқынданып, теңіздей боп кетеді.

Қара түннің пердесіндей үлбіреп,

Ала көйлек желбірейді етегі...

Жел болса, сол көріністі тағы да көрер ме едік?! 

Оқуға түскелі айтыла-айтыла жауыр болған жаттанды жауабымды қайталадым:  - Бұйыртса, оқуымды бітіргесін үйленермін.

- Өлең жазып жүрсің бе? - деп сұрады, қалтафонның жарығын жағып, суға түсіріп; таяз судан қызықтар жәндіктерді көргісі келіп. 

 Көңілсіз жүрсем алыста...

Сені де мұңды жүр деумен,

Өзіңді ойша жұбатам.

Бітетін "теңгерім" сөйлеумен,

Жетпейді, деуге тек:"Ұнатам!"...

Ойда-қырдан жиналған сөздерден құрап, бітіре алмай жүрген бір-екі шумақтарымды өлең деуге қимадым:

- Өлең жазуға дұрыс отыра алмай жүрмін...

"Демалыс емес пе, уақыт табуға болады ғой?!". Мен бірақ ол уақытты жай ғана соққан самалға бетімді өпкізумен; жағадағы тасқа "күмп" деп соққан толқынның көбіктеніп, тамшыларының тастың үстіне ретсіз неше мың шашырап түскенін; айсыз, жұлдызы жарқырай жамыраған аспандағы құс жолының жұлдызды тозаңдарына қараумен және т.б. қияли "аурудың" әрекеттерін жасаумен өткіздім...

 Білем, менен жақсы өлеңдер күтесің,

Бұл кеудеден шықпай жатса, не етерсің?!

Таңдайымды қағып қалам көргенде,

Сенің өзің әдемі өлең екенсің...

Әрі қарай не жазарымды білмей отырмын. Түлкібұлаңға салып соңын әзіл қылып жібергім келді, бірақ оным несиырезныйлау боп кетерін сезіп отырмын. Күлерсің, мүмкін қыразақтап ұялып қаларсың: "Мені жазғаны несі?" - деп. Солай енді...

ПыСы: Отырып өлең жаза алмағандықтан, отырып ап блог жаздым. Сағынбасаң да, осыеуір әдемі емес жазбамды оқып жүрерсің)



Бөлісу: