Өлен го

Өлен го
жеке
блог

Куз еді. Тауда тұрған қалың орман,

Кузетіп қара ағашы кеуіп тынған.

Азайған аңдары да өткен жылдан,

Азайған қара суда мөлдір, тұнған.

Өткені ме, қарғап атып мына жалған.

Шөптері де киіз болып қатып қалған,

Шекара боп шірік ағаш болды қорған!

Шыға алмайсын, шыға алмайсын өмір, тордан...

Тауда, таста бұл орманда тарығады,

Желмен бірге дауыстары қарығады.

Айта алмай жұмыр жерге өз мұңын,

Зарығады бұл маңда зары қалды.

Өшпеген қара жерде жарық әлі,

Тек қасқырлар бірігіп қарық әлі.

Бөрілерге қарсы кім шығады?

Шықса дағы ажалымен тұншығады.

Түлкі де бар, айласын асыратын,

Құлығын қара қанда жасыратын.

Өздерін қасқырлардан кем санамай,

Байқұс қоянды басынатын, басынатын.

Қоян. Кожектерін ертіп өжеттенді,

Теріп жүр қу шөптен қалған өзектерді.

  -АНА бұл маңда жасыл барма,

   Әлде олар жасырынғанба?

   Шөпті жеген қасқырлар ма,

  Жоқ түлкілер тасыған ба?-деп сұрайды көжектері.

АНА көжек айтатындай сөзі жоқ,

Шөп шығатын судын әлде көзі жоқ.

Кеміреді өзектерді, болар тоқ,

-             -Ай көжегім, бұған тәубе, тезірек соқ.

Осылайша бұл байқұстар күн көреді,

Тауып алған астарын қақ бөледі.

Бір мезетте өмір енді өзгереді,

Бұл маңға келгені ме өзгелері?

АНА қоян жүрегімен сезеді...

Қасқырлар   бәрін төңкереді.

Шетте тұрған кожегін өңкереді,

Қашты дағы қояндар індеріне,

Түлеп жатқан шашылады жүндері де.

Шықпайды айғайы да, ундері де,

Зәре қалған, жүрек пен түрлерінде.

Қуып жетпесін бөрілер білгені ме,

Карны ашқан күндерінде, күйлерінде.

Қайтпайды бұл жыртқыштар уйлеріне.

Күтіп, тосады қақпан құрып,

Апан аузында түндерінде.

Таң атты, қалың орман оянғанда,

Тау шыңдары қызыл түске боянғанда.

Жарысып  уақытпенен көрүсуге.

Тыныштық, кәрі орманға таянған ба,

Бір топ қасқыр күтіп жатыр, күтіп жатыр,

АНА қоян апанында үркіп жатыр.

Қу түлкі иісімен өтіп барып,

Борілерді көріп қалды,

Қояннын түлеген жүні, анық,

 Байқағанда, байқағанда көзі жанды.

Қасқырлар да қарсы алады, жыртқыш аңды,

Достай көріп, бұл азулар

Бірге күзетеді осы маңды, тосып алды.

Асты сұрап, жылаған асқазанды.

Жұбатұға шығады бір көжегі,

Шолып өтті көзімен атқан таңды,

Өмірімен қоштасқан өзі еді.

Тісі батқан,  денесін де сезеді,

Қу түлкі ұстап алып езеді.

Қан иісі, оған қасқыр мезі еді,

Қу жаны көжекгінің безеді.

Шыққан даусы тыныштықты бұзады,

Жанғырығы таулармен ұзады.

Бұл айлакер қойып берген тұзағы,

Қайнатады, АНА қоянда ызаны.

Атып шыққан көжегінің даусына,

Қара бұлтты келтіріп бір басына.

Көжегінің келді дағы қасына,

Қызыл қанмен араласты жасы да.

Кәрі орманнын тамып жатыр тасына.

Топ бөрілер отыр еді қасына,

Қалған көжек атып шықты,  асына.,

Қызыл қан иісі мұрырдарға киіскен,

Бір бөрі тұр, қу түлкіге тиіскен.

Рахмет айту жоқ айласына,

Асты бөлү міндет қой, тиіс-тең.

Қасқырлар астарына тоя алған,

Қу түлкіні қансыратып жоя алған.

Көжектердін қандарына боялған,

Қайтты енді, қайтты дағы бұл маңнан.

Кәрі орман тыныштыққа  бөленді,

Қанша өмір, бір мезгілде сөнеді.

Қара бұлт күнді жауып төнеді,

Күн сәулесін, қайтап алып жөнелді.

Кеш те батты, отті тундер туман басқан,

Атты таңы, шықты күні, амандасқан.

Кәрі орман, табиғаты ажырасқан.

Кәрі ағаштар тұр алі қажымастан!

Қыс еді.

 Мамықтанып аппақ қарлар түседі,

Ақты басып, қасқырлар көз сүзеді.

Иіскелеп, мұрындарын түзеді,

Баяғы ін, бір қоянды  іздеді...

Сол ін, қара жерге қаны сіңген,

Сол інге, қайта енді жаны кірген...

Патшасы қайда орманның?

Көжектерді қорладың.

Болу керек, болу керек,

Патшасыда бұл аңның!