Өлең

Сұрықсыз аспан, сұрықсыз мына күндерім,
Уайымдап тағы, қынжылып мен де жүдедім.
Жарқырап тұрған күннен де жылу ала алмай,
Шарасыз ғана салбырап жүрген сүлдерім.

Шарасыз күлем, бәріне, тек шарасыз,
Алыстап менен, қашықтап менен барасыз.
Махаббат үшін қиналмас та ойланбас,
Болғым-ақ келді һәм ақымақ, санасыз.

 

 

 

 

Білесің бе,Сен әлі баладайсың,
Ойынға еш қанбағын.
Гүл іздеген арадайсың,
Шөп басына қонбаған.
Көңіл бөліп қарамайсың
Ыстықсың өзің тым маған.
Бейнеті көп жарадайсың
Бетін аршып тырнаған,
Жас өркен, бұтақ қарағайсың
Самал соқса сынбаған.
Байыбына бара алмайсың,
Сабырсыз, бейне жынды адам!!!

Иә,... Сен әлі баласың...

 

 

 

Мен Сені сүйетінім айдан анық
Жүремін сымбатыңа қайран қалып.
Сен болсаң, мен жаққа бір қарамастан
Кетесің сұлулармен сайран салып

Мен сені сүйетінім анық маған,
Жүрегім махаббатқа қанықпаған
Сен жайлы армандарым шыңға өрлеп,
Қиялым көк жүзінде қалықтаған.

Мен Сені сүйетінім айыбым ба,
Жалғызбын махаббаттың қайығында
Екі адамдық қайықта жалғыз өзім
Келемін өмір өзен байыбында.



Бөлісу: