«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған»
блог
5 қазан күнгі дәріс әдеттегіден өзгеше болды. Өзгеше дейтінім, «Қазақ» радиосының алтын қорында сақталған Дүйсенбек Қанатбаевтың «Сыр-сандық» бағдарламасын» Мұқағали Мақатаев бар мұнда» атты ақиық ақын Мұқағали жайлы мәнді-мағыналы, тыңдарман қауымға үлкен әсер қалдыратынсұхбатты тыңдадық. Бағдарлама бастала салысымен-ақ мені өзіне тарта кетті, содан соң шөліркеген менің шөлімді қандырды, тереңінен сусындатты. Жалғыз мен ғана емес, аудиториядағы рухани ашыққан студенттер үшін рухани азық болды. Абай «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» десе, данышпандарымыз «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді. Осы сөздерді Мұқағали Мақатаевқа қаратып айтсақ, артық айтпаған болар едік. Оның артында өлмес сөз қалдырған, өшпес із қалдырған ақын екеніне дау айтатын адамды осы уақытқа дейін кездестірмеппіз. Бүгінде ақын сөзі «жапырақ жүрек жас қайыңның» сыбдырындай әр жерден еседі. Қайың жұртқа қандай сүйкімді болса, ақынның өзі де, сөзі де халыққа сондай сүйікті болды.
Мұқағали – дара ақын, біртуар азамат. Бүгінгі күнде екінің бірі Мұқағалиге арнап өлең жазады, екінің бірі Мұқағалидің өлеңдеріне ән шығарады, екінің бірі Мұқағалидің өлеңдерімен емделеді. Мұқағалидың бейнесіне қылқалам тартып жүрген суретшілеріміз де аз емес. Мұқағалиді білмейтін қазақ жоқ шығар. Бәрі біледі, оқиды. Алайда білмейтін дүниелеріміз де жоқ емес екен. оны мен осы дәріс барысында түсіндім. «Сыр сандық» тақырыбына сай Мұқағали жайлы біз білмейтін қызық деректер де, құпия-сырлар да сыр-сандықтан шыққан секілді. Ал сандық түбінде қанша сыр қалғаны әлі белгісіз.мұқағалидің болмысын, табиғатын Әбділда Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевтыңпікірлері барынша аша түсті. Өте орынды, аса құнды пікір қалдырды. «Мақатаев – жырлар жинағы, майда қоңыр сазбенжарқ-жұрқ көзді ұрлайтын жұмсақ нұр, керек тербелістің гуманитарлық мәні»,- дейді Әбіш Кекілбаевары қарай жалғастыра отырып, Мұқағалидің басынан өткен қызықты оқиғалары туралы, өмірі туралы сыр бөлісті. Өлеңдері мен поэзияларын талдап берді. Міне, осындай сұхбаттан кейін тағы да біршама студенттер шабыттанып Мұқағилиге арнап өлең жажып, мақала жазып, жалпы Мұқағали тақырыбына қалам тартты. Бір сағаттық қана дәріс адамның алдағы уақыттағы қызығушылығының оянуына, қалам тартуына, өмірлік ұстанымына ықпалын етеді. Алдағы уақытта осындай рухани азық болатын дәрістер азаймасын, керісінше толыға түссін дегім келеді.