Олардың бәрі жаман демес ем

Олардың бәрі жаман демес ем
жеке
блог

Соңғы уақытта өз бойымнан байқап жүрген бір қасиетпен бөліселін Сіздермен. Индустарды, оның ішінде тамиль елін қатты жақын тартатын болыппын. Сатқындықтың белгісі деп қалмағайсыз, өз елімді әрдайым жоғары қоямын, оған шүбәңіз болмасын ;).

Неге дерсіз, айталын. Тамиль елін насихаттағым келеді де тұрады, жақсы ақпарын естіп қалсам соны біздің елге жеткізуге асықпын. Оның үстіне, кеше Малай еліне барған саяхатымда, өляяя дим осы жерде енді, тамильдер туралы ақпар жинап, құдды бір өз ұлтым секілді. Бір жағынан ойлаймын да, мүмкін жақсы кісілерін көп жолықтырғанның әсері болар деп.

Сонымен не білдің дерсіз, оны да айталын :). Алдымен, Малай елінің 18%-ы тамильдер екен. Тамильдерге бар жағдай жасалған, жетінші сыныпқа дейін тамиль тілінде дәріс алар 607 мектеп бар екен, мүмкін 67 ме екен, осы жері есімде қалмапты, анығы алты мен жеті санының болуы :). Қазіргі тамильдердің төртінші, кейбірінің бесінші аталары көшіп келген екен Малай еліне, солардан тараған ұрпақтар менің көргенім. Негізі, интернеттен тапқан мәліметтер бойынша, тамильдердің ол жаққа көш аударуы британдықтардың қол астына өтуінен басталған екен дейді бір ақпарат көзі. Ал, екінші ақпарат көзі, баяғы атам заманда көшкен дейді. Не болған күнде де, олар өз мәдениетін, тарихын, ана тілдерін жоғалтпаған екен.

Менің аз-маз сөйлеген тамиліме сонша мәз болғандарын көрсеңіздер ғо, тіптен мен бір қазақ емес, тамиль секілді қабылдады. Мәрт екен, қонақжай екен. Мәрттігін Куала Лумпурге барар ұшаққа отырған сәттен, қайтқан кезіме дейін көрдім. Жақсының жақсысын айт, мерейі тассын дейді біздің қазақ, әсіре мақтады деп сөге жамандамауыңызды сұраймын, құрметті оқырман :).

Бұл жазғаным ертең өзіме де естелік, ертең елге қайтамын, арада жылдар өтер, сонда осы жазбамды оқып, ияя, солай болған еді ғой деп жылықпен еске алмасыма кім кепіл :).

Куала Лумпурден қайтарда тамиль таксистке отырдым, таңдағаным емес, өзі солай болды :). Өзі сол күні дауыстан дауыс қалмаған, неге сонша айқайлаған деп қалмаңыз, бар болғаны ангинам ұстап, сөйлей алмай қалдым :). Оның үстіне таксиге өзі көп ақша бергім келмейтін ауруым бар, ана кісімен саудаласып, отырып алдым (расы керек, бар болғаны сол жолпұл еді қалғаны қалтамда). Жол-жөнекей таксисттің маған жаны ашып, ауырып отырсың ғо қызым деп, маған тамаққа леденецтер алып беріп, қаланы дұрыстап көрмепсің деп, административтік астанасы Путраджая қаласын көрсетті ерінбей. Қатты ырза болдым ол кісіге. Ол кісі болмаса сондай әсемдікті көрмей-ақ кете береді екенмін.

Оның үстіне, кинотеатрдан кино қарайыншы деп мағлұмат іздесем, көрсетілетін фильмдер малай, ағылшын, қытай және тамиль тілдерінде екен, таңдаған тіліңізде қарай аласыз. Бұл не деген керемет деңізші, біз тұтастай мемлекет, өз ана тілімізде кинотеатрлардан фильм көруге зармыз, ал тамильдер, он сегіз пайыздық үлесімен өз ана тілдерінде өзге елде сөйлемек тұрмақ, фильм де қарай алады.  Өз ұлтын, ана тілін жақсы көруді осы кісілерден үйрену керек деп шештім. Құрметім молая түсті сөздің шындығы керек.

Рас, Малай елінің тамильдері Тамилнадтың тамильдерін салақ дейді, жалқау дейді. Бірақ, өз Отанымыз деп сүйіспеншіліктерін жасырмайды. Сәті келіп жатса, Тамилнадқа, туыстарына барудан бас тартпайды. Қыздарын да Тамилнадқа тұрмысқа беріп, үлкен елмен байланыстарын үзгілері жоқ. Сондай-ақ, келінді де барынша сол жақтан алған мақұл дейді. Бір кісі айтады да, той болар болса бір қора туысқан бір апта бұрын келіп алады деп :) Менің ойымша, үй иесінінің қаражатына салмақ салғанымен бір жағынан жақсы, туыстық қарым-қатынас жақын болатын сияқты. Әйтпесе қалай, тойға келдім деп сол той үстіне келіп, сол той үстінен кетіп қалса еш жақындық, еш жылулық қалмайтын секілді туыстарда.

Көп сөйлеп кеттім ғо :), басқа да уақытта әңгіме жалғасын табар, әзірге осымен тәмам, назар салғандарыңызға мың рахмет, амандықпен жүздеселік!