Олар жайлы

Олар өте бақытты еді...Сонымен қатар бір-бірін ессіз сүйетін. Қолдары қалт етсе бір-бірінің жанынан табылатын. Болашақтарын да қиялдарымен құрып қойған болатын. Ал қазір бәрі өтті. Мүмкін қайта оралмас...

Көктем... Жылуы аздау болса да, қалада көктем. Ақырын аяң басып биік үйлер бойымен бәрін еске алмаққа қыз жалғыз келеді. Көз алдында олар жүрген жолдар,тәтті естеліктер... Анау тұрған дүкеннен екеуі бірге керек-жарағын алатын, анау орындықтарда отырып жүрек жалғағандары бар. Мына тұста жігіт қызды құшағына қысып, қалай жақсы көретінін айтқан-тын. Мына жерде екеуі күліп-ойнап, қуанған-ды. Анау жерде екеуі ұрысып та қалған. Мынау бір тұста қыз жылап та алған. Ал бұл орында екеуі былай да былай суретке түскен еді...

Қайда қараса да толған естелік. Құлаққапта кезінде екеуі ырғала билеген "Миллион раушан гүл". Қыз еріксіз көз жасына ие бола алмады. Ендігі өмірінде тәтті естеліктермен жұбанып өтер ме екен? Беймәлім...



Бөлісу: