...Есік тарс жабылды.Ол болса үнсіз сабағына дайындалып отыр.Оның ойында ертеңгі болатын аралық бақылау болуы керек еді,бірақ та санасын жалмаған сан сауалдың шешімін таппай әлек.Танымайтын адамның жүректі жаралағанынан ,жақының салған жара жүрегіңді жұлып алғандай сезілетінін ол бүгін білгендей.Ішінде қайнап жатқан жалын,алай-дүлей соғып жатқан боран бар да оның денесі бірде жылып,бірде мұздап қоя береді.Терезеден айналадағы балалардың суықпен жағаласып аппақ қармен ойнап жүргенін көргенде қайтадан бала болғысы келеді.Ей,бейқам көңіл,бейкүнә жүрек,балалық десеңші...Сенде өткен қателік те,сенде өткен еркелік те таусылмаушы еді ғой.Сенің мамық жастығыңда жастанып жата беруім керек еді,неге есейдік?!Балалық,балдай тәтті,ертегі,жұмақ едің ғой.Сендегі уайым - уайым емес еді ғой,ал қазіргі оның уайымы асқынып кеткен секілді.Сен оны білетін бе едің?
Ерте есейткен күндерін ойлап жылайды тағы...Пана іздейді.Демеу болатын пана іздейді.Сүйеу болатын дос іздейді,мұндай уақытта досыңды да табу қиямет қой...Жақынын іздейді,есіктен қайта кіріп «Мен келдім...» дейтін. «Бұл уақытта өтіп кетеді ,шыда,шыда» деген жүрегінің дауысын естиді де сәл кідіріп барып,тоқтайды.Менің де кінәм бар болуы керек деп,апыл-ғұпыл киініп, «барып одан кешірім сұрауым керек» деп ойлап,сыртқа шығайын десе.....есікті сыртынан кілттеп кеткенін көріп,жерге отыра қалып үнсіз іштей тына қалады. «Иттен де жаман болдым ба,емін-еркін жүретін» деп іште қынжылады.Жақыны айтқан әрбір сөзді есіне алып,қатты тиген сөздерін қайта –қайта есіне түсіріп көз жасын төге береді...
...Жақыны қайтадан кетті...Есік тағы сыртынан кілттеулі...Ал оның көңілі суып сала берді...Осымен үшінші күн болды.Үнсіздік жанын дендеп барады,кінәсін сұрауға арланады,мойындауға батылы жетпейді.Кенет телефон шырылдады.
-Алло
-Алло,қалайсың?
-Жақсы (ішінен жылап,менің жағдайым нашар деп айтқысы келеді,бірақ олай айтуға болмайды),өзің қалайсың?
-Жақсымын менде
-М-м-м-м..............
Оның жаны тым нәзік болатын,себебі ол жамандық атаулыны ойламайтын, «ол жаман адам » десе «мүмкін емес,ол ондай емес» деп қарсы тұрушы еді...Оның қанаты қайрылып барады,ұшқысы келеді,бірақ..........ұша алмайды.Себебі ол-тордағы құс еді...