Ол өнер емес - өмір.
блог
Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Тағдыр тақтасы" қойылымының авторы - Бақыт Беделханмен сұхбат.
- Бақыт аға, қойылым көңіліңізден шықты ма?
- Иә, қойлым ойымыздағыдай болды. Алайда , көңілімдегі нәрсе бұдан да үлкен еді. Асекенің өзін шығарсақ, біраз дүниені толтырсақ дегенбіз.Оны уақыттың еншісіне қалдырып отырмыз. Асанәлі ағаның өзі айтпақшы «Әлі жаспыз ғой, бірге талай тірлік атқарарымыз сөзсіз... »
- Спектакльді театрдың репертуарына енгізу ойларыңызда бар ма?
- Бұйыртса көркемдік кеңес қарап , сұрыптап ,талқылап, түрлендіргеннен кейін халықтың көңілінен шығып жатса, Алматы көрермендеріне жол тартады.
- Қойылымға авторлық ету қаншалықты қиын болды?
- Шығармашылықта халтуршиктер үшін ғана оңай нәрсе көп, өлең жазу қиын ал драмма жазу одан да қиын. Драмма бүкіл әдебиеттегі жанрлардың ең қауіпті де қиыны, оның заңдылығы бөлек, көп ақын-жазушылармыз драммаға бара алмайтыны содан.
- Тағдырлы тұлғаның жұмбағы ашылды деп ойлайсыз ба? Оның образы қаншалықты көрестілді?
- Қазір, Асанәлі Әшімұлы сексеннің сеңгіріне келіп отыр. Ол жиырма жасынан өнерге араласты, біз сол кезден бастап өмірін көрсеткен болдық. Майрадан Бағдатқа дейінгі дүниелерді барынша жинақы еттік. Алпыс жылдық ғұмырды өнегелі етіп, бір сағатқа сыйғызу үлкен өнер. Мүмкіндігінше элементтер мен маңызды детальдарды көрсете алдық.
Тұлғаның жұмбағын толық ашу екі дүниеде де мүмкін емес. Ол керек те емес. Көркем образ жасадық деп бәрін баттыйтып көрсету - өнер емес- өмір. Ал, өмірден өнер жасау ол мүлде басқа нәрсе. Сол өмірден өнер жасадық деп ойлаймын.
- Қойылымды жазып шығуға неше уақытыңыз кетті, дайындығы қанша уақытқа созылды?
- Бар жоғы бір айдың көлемінде дайындадық. Мен он күнде жаздым, жиырма күнде шығардық. Бұл спектакль алып шығуға өте аз уақыт, бір сөзбен айтқанда нар тәуекелдің ісін жасадық.
- Спектакльдің діттеген мақсатын айқындай түссеңіз...
- Асанәлі сияқты тұлғаның образын көрсету, және сол арқылы қазіргі өсіп келе жатқан жастарға , ел бар жұрт бар соларға өмірін өнеге жасау. Өнер жолын ғибрат қылу. Өмірінің шындығы болсын, қиындығы болсын, тағдыр тәлкегіне түскен сәттері болсын соның бәрін көрерменнің түйсігіне жеткізу.
Асекең мықты актер, дара, дана тұлға деп құрғақ сөзбен айтамыз,еш бір сезім жоқ, ал оны сахнадан көрген кезде әсер аласың. Сол әсерді халыққа көрсету біздің басты мақсат болды.
- Драмманың өзіңізге ұнаған, айрықша әсер қалдырған тұсы бар ма?
- Өз шығармаңды әсерлі, әсерсіз деп бөліп – жару мүмкін емес. Арасында өтірігі жоқ шынайы жазылғаннан кейін әсерлі болды деп ойлаймын, әсерсізі жоқ- ау. Десек те, бағасын беріп , сынын айтатын халық. Енді, Майра , Мәди, Сағи шешесі бәрі қайтыс болған кезде Асекең құлдырап, күйзелген кезде, «өнер мені ешқаша өлтірмейді» дейді. «Жапырағымнан айрса да топырағымнан айрма» деген сөз бар. Шыныда, Асекең сол кезде жапырағынан айырылған ағаштай болды. Содан шешесі түсінде кітап, ақ орамал береді. Өмірінің осы қиын шағы жаныма жақын болғаны жасырын емес.
- Қойылымның басты ерекшелігі неде?
- Басты ерекшелігі Асекең өзі айтқандай көзі тірі актерға бірінші рет қойылып отыр. Нағыз талантты тірісінде мойындатқанымыз ұтымды болды.
- Поэтикалық драмманы дайындау барысында қандайда бір кедергілер болды ма?
- Кедергі?(ұзақ бөгеліп) Шығармашыл адамға ешқандай кедергі жоқ, десек те, берілу формасын табу қиын, қалай берсек болады, қалай жеткізсек болады деп көп ойландық. Асекеңнің өмірі, тағдырының тақтасы кедергі болмайды, керісінше адамды талпындырады.
- Асанәлі Әшімов туралы қойылымға авторлық етпес бұрын ол кісіні зерттедіңіз бе? Асанәлі ағаның өмірі туралы не айта аласыз?
- Ол - тұлға, қанша қиындық болсын, тағдыр тәлкегі болсын бәрін көтере алған адам. Асекеңнің орнында басқа біреу болсыншы баяғыда морт сынар еді ,құдайда көтеретін адамға азап береді, тағдыр береді, қиын ғұмыр береді, сүйген құлын сөйтіп сынайды, Асекең сыннан сүрінбей келе жатқан жан. Мен осы шығарманы жазам деп зерттеген жоқпын Асекеңді бала кезімнен қазірге дейін бүкіл шығармашылығы бар, өмірі бар етене таныс жақынмын деп айта аламын.Ал, бұндай дүние жазу үшін зерттеу аздық етеді.
- Асанәлі аға, қорытынды сөзінде «Бұл үлкен дүниелердің бастамасы»,- деп айтып өтті. Жалпы қойылымға қатысты алда қандай жоспарларыңыз бар?
- Асекңнің сексен жылдығы келесі жылы. Сол кезде Әуезов театрына ма Астанада ма қойылып өзі ойнаса, жастық шағы бар, орта шағы бар, кейінгі уақытына өзі шықса сонда толыққанды ашылады. Енді дамытып, сексен жылдыққа үлкен бір мерейтойлық қойылым қылып жасаймыз, Алла қаласа.
- Театр өнеріне қатысты алда қандай ойларыңыз бар?
- Оны Бақыт айтпайды уақыт айтады, сол кезде бірақ көресіздер. Шығарашылық ізденісте жүрген адамбызғой алдын ала айту қиын шаруа.
Сұхбаттасқан: Дана Русланқызы