Ол – менің нашар көңіл-күйім

Сезімімді қайтіп айтсам да, сіздерге жетпейтін болар...әсіресе, қазіргі күйім... «Саған деген махаббаттың азабынан қажыдым» десем де, «Бітер емес сағынышым, сезім неге жомарт тым» десем де жарасатын сияқты.

         Оның айында-жылында телефон шалғанын күтем зарығып. Ол да шыдамды екен...немесе батылы жетпейді ме...тағы да басқа себебі бар ма, білмеймін. Ал әрбір сөйлескеннен кейінгі жағдайым осы: көңілсіздік, жабығу.

Ол – менің нашар көңіл-күйім. Ол менің көңілімді түсіруді ғана біледі. Қанша жерден араны үзгім келді, жоғалғым келді, жоғалтқым келді, - болмайды. Көлбең етіп шығады тағы бір күні, жоғалмайды. Менің жанымды құртша кеміру үшін келетін сияқты. Енді бүгін міне шын қалауым – кетсінші, оралмасыншы.....................мен ойлармын, іздермін, сосын...сосын ұмытылар.......ұмыта алмайтындай жақсы естеліктер де жоқ бізде...тек жанымды ауыртпасын........күлкімді бұзбасын...жігерімді жасытпасын.............



Бөлісу: