Ол – кім, бұл – не?
блог
Кел, балалар, ойналық,
Ойналық та, ойлалық!
Қандай жұмбақ болса да –
Шешпей оны қоймалық.
Ал, балалар, тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп және –
Бөгеліп көп тұрмаңдар...
Тұла бойы нұрдан жаралғандай әсер қалдыратын бұл жанның болмыс-бітімі тым ерек, сәбидей пәк, тым әсершіл. Кейде, тамағына өксік тығылып, жылап та қалатын сыңайлы. «Тауда туған - тасқа, далада туған - күнге қарап өседі». Ой өрісі, білім, білік деңгейі таудай биік, судай тұнық, даладай кең; Егемен Қазақстанның еркін ұланы, өз ісінің маманы!
Таза, мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Ол – кім, бұл – не?
Кел, даналар, ойналық,
Ойналық та, ойлалық!
Қандай жұмбақ болса да –
Шешпей оны қоймалық! )