Ол қайтыс болғанша 143 күн жүгірді. Не үшін?
блог
Кезекті қызықты ақпаратты аударып,сіздерге ұсынғанша асықтым...Біле жүрейік)))
Қозғалыс-бұл өмір ме? Мүмкін. Медицина денсаулығымызды шынықтыру үшін жүгіруді насихаттайды. Бірақ өлу үшін жүгіру.... әлде бұл марафонның себебі бұл емес пе екен?!
1980 жылдың шілдесінде Терри Фокс 143 күн жүгірді. Ал ақыр соңында ол өлімді тапты...
Фокстың биографиясының ешқандай артықшылығы жоқ. Ол Канадада дүниеге келген. Баскетболмен айналысқан,дене шынықтыру мұғалімі болуды армандады. Мектепті бітірген соң университетке құжаттарын тапсырады. Алайда Құдайды күлдіргің келсе-жоспарыңды айт дейді ғой...
1977 жылы Терри өзінің оң аяғынан ауруды сезеді. Бұл сүйек қатерлі ісігі болып шығады. Аяғын кесуге мәжбүр болады. Жасөспірім бала үшін аурухана,дәрілер,ауру,химиотерапия,айналасындағы адамдардың көз жұмуы,шексіздіктің жоғалуы және т.б.- азаптың бір бөлшегі болып қалды. 17 жаста бұндайға көну оңай емес. Бірақ Терри спорттағы жоспарларымен қоштасқан жоқ. Ақыры аяғында оған өмірінде оларды іске асырып,өзі де сол тарихтың бөлшегі болу қолынан келді.
3 жылдан кейін атлет мұхиттан мұхитқа дейінгі марафон бастау туралы шешім қабылдайды. Өзінің мақсаты ретінде Ол- онкологиялық ауруларды зерттеу үшін құрбандық беруді қойды. Ол әрбір канадалық 1 доллардан бергенді қалады.
Тіпті сау адамдардың өзі мұндай дистанцияны бағындыру оңай емес екені анық, аяғы жоқ адамға не деуге болады?! Бірақ Терри бір жылдан астам уақыт күнделікті дайындалып,жаттықты.
Сонымен, «Үміт марафоны» 1980 жылы 12 сәуірде басталды. Фокс өзінің жалғыз сау аяғын Ньюфаундленд провинциасындағы Атлант мұхиты суына малып алады. Екінші рет ол бұл жағдайды Ванкувердегі Тынық мұхитында жасамақшы болады.
Протезіне қарамастан, жас жігіт күнделікті марафондық дистанцияда-42 км жүгіріп шығады. Ауру ылғи жанына бата берді,ол енді күшін жоғалта бастайды. Бірақ мақсаты,адами қолдаулар мен ерік жігері оны алға қарай жетелей береді. БАҚ-тың әлсіз қолдауына қарамастан,адамдар құрбандық беріп отырады.
5 айдан соң, марафоншыны ауру тудыратын ісігі жеңіп, ол Онтарио провинциасында 1 қыркүйектен бастап жүгіруді тоқтатуға мәжбүр болады.
Терри Фокстың есебінде демалыссыз 143 күн, 5373 бағындырған қашықтығы, 24 миллион доллардан астам жиналған қаржы болды. Жігіт тек өзінің 23 жасына аз ғана жете алмай қалды. Бірақ ол мақсатына жетті. 24 миллион канадалықтар 1 доллардан тастап отырған. Енді тек Канадада емес, тағы 50-ге жуық мемлекетте Терри Фокстың құрметіне қайырымдылық үшін жүгіру ұйымдастырылады. Мықты Жігіттің армандағанындай,оның жинаған ақшасы онкологиялық ауруларды зерттеп,үйренуге жұмсалады. Қазірде Терри Фокстың қорында 360 миллион доллардан астам қаржы жиналан.
Дәрігер Хаус айтқандай: «Лайықты өлу керек емес,өмір сүре білу керек» деген. Жігіттің қысқа ғана өмірі күмәнсіз лайықты болды. Және бұйра шашты жігіт елдің жадында ұзаққа қала білді, ал оның адами ерлігі-миллиондардың жүрегінде.
Ав: Елена Ангелина. www.miridei.com сайтынан аударылды.