Ол қайта ораламын деді!

Бүгін әлеуметтік желіден бір ана туралы видео көрдім. Баласы саябақта тастап кетіпті. Тіпті, қазір келемін, біреу келіп жатса, мына қағазды бер ғой деп, бір кішкене парақ тастап кетеді. Анасы сауатсыз, оқу білмейді. Жанына бір жігіт келіп отырады. Әлгі жігіт анаға су ұсынады. Әлгі ананың күні бойы шөлдегені соншалық, бір бөтелкені тауысып қояды. Содан әлгі жігітпен әңгіме - дүкен құрысады. Сөз арасында анасы қалаға алғаш келгенін, баласының әйелінің беделді адам екенін айтады, тіпті сол әйелге арнайы алтын сыйлық алғанын көрсетеді. Сәл уақыттан соң әлгі жігіт ұлының нөмері болса, хабарласайын дейді. Әлгі ана баласының бір парақ бергенін, және біреу көмек берем десе, соны беруін өтінгенін айтады. Әлгі жігіт парақты алып қараса, онда: осы әйелді жақын жердегі қарттар үйіне алып барыңыздаршы,-деп жазылып тұр екен. 
Осы бір видеодан соң, менің мазам қашты. Осындай опасыз, арсыз жандар қаншама! Алла оларға өз жазасын берсін! Достар! Ата-анамызды қадірлейік! Тек солар ғана осы өмірде біздің ең қымбат жандарымыз!

https://www.youtube.com/watch?v=4HX822I-xKg



Бөлісу: