ОЛ. ЖАЛҒЫЗ ШЫРАҚ – СОҢҒЫ ҮМІТ
жеке
блог
блог
«ОЛ» моноспектаклі... Атауының өзі қызық. Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» пмихологиялық драмасы желісімен қойылған спектакль. Мамырдың басында осы спектакльге бардық. Таным-түсінігі, көзқарасы менікіне антоним құрбымды ертіп алдым. «Моно» деп тұр ғой демек, бір-ақ адам ойнайды деп іштей дайындалып отырмын. Елу адамға арналған орындық қойылған. Шағын сахна. Үнсіздік. Басталайын деп жатыр. «Тойдың болғанынан боладысы қызық»,-деп.. Қараңғы. Ортада жалғыз шырақ жанып тұр, бейне бір соңғы үміт секілді... Басталды. Қобыздың үнімен оқиғаны сүйемелдеп отырды. Қорқыт қобызының құдіретіне тамсанасың...
«Ол»-актердың, яғни Данияр Базарқұловтың айтуынша: «Бұл қойылымдағы Ақынның аты жоқ. «Ол» деп бейнеленеді. Өмірде жолы болмаған ақынның тағдыры да менікіне ұқсайды»... Демек біздің «олымыз» ақын екен. Актердың шеберлігі сонша мен «Ол» секілділердің көбін көргем, көріп жүрмін. Жерге бормен «Шындық» деп жазып, шындықты шаммен іздеп, таппағасын қайта өшіріп тастаған да – Ол еді.. Бұнысымен шындық жоқ дегісі келді ме, әлде?!
Мен «Ол» бейнесінен «Оларды» таныдым...

ОЛ
Фәни жалған жеңетінін,
Ұғынбады, сезбеді.
Қайда барса көретіні –
Қорқыт емес, өз көрі...Ол – Қобыздың қасіретті,
Ол – шарқ ұрып іздеген-ді,
Ол – бақытты болмақ еді,
Ол – қаламын түннен алды,
Ұмтылды Ол жарқын күнге,
P.S:
Солай... Ол манағы жалғыз үміт секілді жалғыз шырақты «Құрсын бәрі, мұнша таусылатын мен сонша Асанқайғы ма едім?!»,- деді де өз қолымен сөндіре салды.
Әлия ІҢКӘРБЕК
Фәни жалған жеңетінін,
Ұғынбады, сезбеді.
Қайда барса көретіні –
Қорқыт емес, өз көрі...