Мен ол сияқты жазушы емеспін. Бірақ, оны қолдау үшін жазушы болуыма тура келеді. Менің есімім-Диана. Томиристің туған сіңілісі боламын. Оны менен артық ешкім білмейді деп ойлаймын.
Ол ер бала секілді. Қылықтары да, жүрісі де ер бала секілді. Кішкентай кезінде тентек болатын. Әлі күнге дейін тентек.
Жылтырларды ұнатпайды. Бірақ, сәнді киінгенді, өз стилінде киім таңдап, жаңа қырынан көрінгенді ұнатады. Дүкен аралаудың мастері.Сурет салатынын, ақындық өнерін де блогтарың оқып отырып таныған шығарсыздар. Бастысы ол біздің сеніміміміз. Ақыл-кеңесін беруде алдына жан салмайтын, өзіне деген сенімі мол, армандай біл дейтін мен апатайымды мақтан тұтамын.