Оның блогтарында ешқандай ойға салмақ түсіретін жазбалар болмайды. Көбіне күлкілі комикстар, қызық видеолар салып, анекдоттар айтқанды жақсы көреді.
Жазбалары да тап қазір жаныңда отырып айтып отырғандай әсер береді.
Өзі көбіне орыстардың ортасында өссе де жүрегі қазақ деп соғады, қазақ әндерін жақсы көреді.
Пікірлері де сондай, күлкілі, еш арам ойы жоқ, қысқа-нұсқа.