Оқырманға кітап жайлы ұсыныс.
блог
Оқырманға кітап жайлы ұсыныс.
Шыңғыс Айтматовтың "Ақ кеме" повесін оқуға кеңес беремін. Бұл кітапты ұсынуымның бес себебі:
1. "Ақ кеме" повесі - ең алдымен тілге жеңіл. Əдеби кітапқа деген құштарлығы енді ашыла бастаған жандарға, бірден үлкен туындыдан бастауға болмайды.
2. Бұл кітапты оқыған адам, өзіне ерекше əсер алады. Себебі: бала қиялы, өмір шындығы, болашаққа деген сенім, тамаша табиғат жайлы өте айқышты өрнектермен жеткізілген.
3. Оқырман оқу барысында өзінің бақытты, еркін екендігін түсінуге əрі өмірдің мəнін түсінуге жетелейді.
4. Бұл туындыны оқып отырып, тебіреніп, көзге жас алмау мүмкін емес десем артық емес. Жүрекке шаңның тозаңындай болсада мейірімділік ұялатады.
5. Адам өмірінде бір ғана əдеби кітап оқығанының өзі тіл байлығының дамуына үлес қосады. Сөздері жеңіл болғанымен, бұл кітаптың тілдік қоры өте керемет.
Қорытындылай келе "Ақ кеме" повесіне арнаған қысқа да нұсқа шығармашылығым:
Бала көңіл қиялымен теңіз түбін шарлады,
Бірақ соңы бейкүнə сəби əкеге жете алмады.
Қорлық көріп ащы өмірден өрімдей жас періште
Қиды өмірін, өз қолымен, мейірім сезе алмады.