Оқып көріңіз. Сізге де қатысты шығар.
блог
«Мен бұрыннан білемін. Қайталаудың қажеті жоқ. Қазіргі кезде ағылшын тілі алфавиті мен сандарын екінің бірі біледі. Оларды үйреніп алу ешбір қиындық туғызбайды. Ауызекі тілдегі қарапайым сұрақтарды, оларға қалай жауап беруді де мектеп кезінен білеміз.»
«Ағылшын тілі алфавиті мен сандары сияқты қарапайым нәрселерді бұрыннан білсем де, оларға қатысты кейбір нәрселерді енді ғана біліп тұрмын.»
«Бұрын оқығаныммен, кейбір нәрсені ұмытып қалыппын. Енді есіме түсіп жатыр. Дегенмен, біраз нәрсе әлі де түсініксіз.»
Иә, осылай түрлі пікірді жалғастыра беруге болады. Сіздің де менің жазбаларыма қатысты өз пікіріңіз бар шығар. Онымен бөліссеңіз де болады немесе іштей ойлап қоя салсаңыз да болады. Ал мен сандар тақырыбына қатысты өз ойларымен бөліскен оқырмандарыма алғыс айта отырып, олардың ескертпелері мен ұсыныс-тілектеріне қатысты бір ауыз сөз айта кетейін.
Сонымен,
1) Нөл санына қатысты пікір білдірген оқырманға: Сіз дұрыс айтасыз, нөлді zero (зиәрәу) деп те айтады, бірақ телефон нөмірін айтқанда көбінесе oh дейді.
2) Қайсы жасөспірім? деген сұрағыма дұрыс жауап берген Толғанай есімді оқырманға ''Бәрекелді'' деймін. Жаңа жазбаларымнан да пайдалы ақпарат алуыңызға тілектеспін.
3) Барлық адам сандарды біледі деп ойлайтыныңыздай, мен де сіз пікір білдірген жазбам барлығына қызықты болды деп ойлаймын.)
Ал егер сіз әлі әңгіменің мән-жайын түсінбесеңіз, онда мына жазбаларды оқып көріңіз.
P.S.Ағылшынша пікір білдіргіңіз келсе, I think ... (яғни, менің ойымша, .... ) деп бастауыңызға болады.