Оқып көр, ой салар...(2): Неге?

Оқып көр, ой салар...(2): Неге?
жеке
блог

Оқып көр, ой салар...(2) " НЕГЕ?"

  Екеуіміздің іс-әрекетімізге қарасам, езуіме еріксіз күлкі үйіріледі. Әлеуметтік желіде әңгімеміз жарасқанымен, шынайы өмірде хәл сұрасу былай тұрсын, бірін бірі ешқашан көрмеген бейтаныс адамдардың образын сомдап жүрміз.

  Неге, Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда жанымызға жалғандықты қош көрдік...?

   Неге, күнәға құмар аузымызды, сауабы мол саулық сұрауға қимадық...?

  Неге, онсызда өтірігі ормандай елдің талы болуға талпындық…?

  Неге, істеуге болмайтынын көзге шұқып көрсеткен алдыңғы буын ағаларымыздың әрекеттерін қайталап әлекпіз...?!

   Жоқ қалқам, тым құрымағанда жылдар бойы төгілген терді бағалай білейік… Біз, Елбасы сенген ұрпақ екенімізді ұмытқанымыз қалай…
     Олар — Мағжан сенген…
     Жоқ, бір тарихқа бір ақталмаған үміт те жетер…