Оқып көр, ой салар...(1): Трагедия!

Оқып көр, ой салар...(1): Трагедия!
жеке
блог

Оқып көр, ой салар...(1): Трагедия!

... ХІІ ғасыр. Қытай. Гуанчжау қаласы.

– Жол, жол беріңдер! Ұрыс майданының арыстаны Мұқәлі ноян келе жатыр! – деп нөкерлер қаланың қисық, тар көшесіндегі тобырды қамшымен қуалап жүр...

... ХV ғасыр. Мысыр. Қайнаған базар.

– Жол, Мысыр сұлтаны Қайтбайға жол беріңдер! – деп нөкерлер Қайтбайдың алдында құрақұшып жүр...

... ХХІ ғасыр. Алматы. Базар. Шуға толы әмбебап базардың ішінде жүдеу үш қазақ жігіттері – Мұқәлі, Қайтбай, Түмен аузы-мұрнынан шыға тиелген жүк арбаны әрең сүйрете итеріп:

– Жол, жол беріңдер, жол! – деп қарлыға айқайлайды. Олардың артында жүк иелері – екі қытай мен бір араб алшаң басып, өзара ағылшын тілінде маңғаздана әңгімелесіп келе жатыр...

... – Жол, жол беріңдер, жол...!

(Осыдан бірнеше жыл бұрын газеттен көшіріп алған едім. Өкінішке орай, қай газет екенін түртіп алмаппын. Авторы да беймәлім)

Пысы: Мәтінді аз-мәз өзгертуге тура келді.