Оқылмайтын кітап бар ма?

Оқылмайтын кітап бар ма?
жеке
блог

Оқылмайтын кітап бар ма?

 «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп айтып кеткен екен Шекспир. Ал, бүгінгі күні «Интернет маған кітаптан да қымбат» деп жар салып жүргендер қаншама. Интернеттің игілікті істері көп болып көрінеді осы заманның қырағы көздеріне. «Маған уақыт қымбат» дегендер де интернетпен уақытын тежегісі келеді. «Бір жол бар жақын да болса алыс, бір жол бар алыс та болса жақын» демекші, керек нәрсемізге тез қол жеткізіудің жетегінде жүргенде, жарқын болашақтың жеңінен ысылып қалмасақ болды. Рухани үрдісімізді, мәдени мұрамызды, текті ұрпағымызды, тіліміз бен дәстүрлі дінімізді улап жатқан инернеттің илеуі ғой, ащы да болса шындық. Саналы ұрпақтың сапасын кетіріп, қараңғылықтың қапасына сүйреп барады ғалам тор. Барлық нәрсенің бір жаманы, бір жақсысы демекші, жақсылығы да бар бұл шіркіннің. Бірақ, зұлымдығы басымырақ.

 Бүгінгі таңда интернет  әр үйдің қожайынына айналды ғой,  қолымыздан келетін дүниені жасамай, интернеттің алдына отыра салып, өз өзімізді билетіп қойамыз. Кітапханаға барып, кітаптың парақтарын шертіп тұрып оқу қалды бұл заманда. Оқымайтын оқырман түгілі, оқылмайтын кітаптар да қаптап барады, екеуінің саны бір бірінен кем түспейді. Жоғарыда атаған оқылмайтын кітаптың иесі сол оқымайтын оқырман. Өзі кітаптың балын татпаса да, бал құюға құмартып тұрады. Көшенің, интернеттің қаңсыған балын жинайды ғой сол. Оған кім құмартпақ сосын. 

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы

Ол ақынның білімсіз бишарасы

Айтушы мен тыңдаушының көбі надан

 Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы,-деп Абай атамыз өз заманында сауатсыз ақындар мен сауатсыз халықтың надандығын осылай айтып кеткен ғой. Бірақ, бүгінгі күнде халық жақсы сөзді бөтен сөзбен былғап жүргендер мен   жілігін шағып, майын ішіп жүрген сөз майталмандарының  жігін ажырата білетін дәрежеде.  Кітап дүкендерінің сөрелерінде сүміриіп, өткен кеткенге жалтақтай қарайтын сол надандардың күнкөрісім, наным деп жазған жазба сымақтары ғой. Әйтпесе, іші жауһар сөздермен, жалынды, отты жырлармен көмкерілген, проза, поэзиясының өзі қандай керемет, безендірілуі де сондай тамаша кітаптар оқырманның қолында қыдырып жүрері сөзсіз. Ондай кітаптардың авторлары өткен замандағы аға-әпкелеріміз. Ал, біздің замандастарымыздың іздеп жүріп оқитын кітаптары қашан жарық көрмек?