Оқылмаған хат...

Оқылмаған хат...

 

Ер жүрегі:

Сен... сенімен кездеспегеніме көп болғанын ғана білемін. Сағынғанымды, сарылғанымды... міне, білетінім осылар ғана...

Асылдан туған періштем едің... өзіңмен бірге кеткен құстар сенсіз оралғанда, өзіңсіз оралғанда бар қарғысым сол жазықсыз құстарға тиді-ау! Сол сырымды сеземісің? Сеземісің, өмірдің қанша соқпалынан өтсем де шыдар едім, бірақ өзіңнен айырылған күн - өмірімді қараң, көңілімді жара етті. Рас. Сан армандардан тұратын жастық будың сейілгені өлімнен бір елі қашықтықта екен. Өмірімде қол жеткізбесім сенсің. Сағындым сені, сағындым...

Ғажап! Ақтарылмай жүрген сырлар кеудемде бүгінгі таңнан бастап тыным тапқандай басылды. Неге? Бұл – саған деген шексіз махаббатымның біртіндеп сөне бастағаны ма, әлде жан дүнием құрдымға кетіп, өзгені емес өзімді де ұмытып, бұл өмірдегі жан қуатымды жоғалта бастағаным ба? Олай болып шықса, қасіреттің қаумалаған тыныштығын бойыма сіңіргендей тірі өлік болып шыға келетінім көз алдыма қазірден бастап елестей бастайды. 

Қорқыныш! Адам неден қорқады десе, “белгісіздіктен”, “қараңғылықтан”, “биіктіктен” дейді ойланбастан біреулер, жоқ, олай емес, адамға ең қорқыныштысы “жалғыздық” атаулы алапат дүлей дер едім. Жалғыздық болғанда да іштей, рухани жалғыздық. Міне, адамның адасатын кезі осы, бар дүниесін жалғыздық  деген дерт билеген кез. Көкірегімде өмір іздеген алау от  сөніп келетіндей көрінеді маған. Әлде... Қалай...?

 

Қыз көңіл:

Көргім келеді....Көргім келеді сізді...Қасыңызға жақындамасам да, тілдеспесем де, алыстан болса да өзіңізді көргім келеді... Сізге еркелеген сәттерімді есіме алсам еріксіз күлемін, «еркелей бермеші» деп ұрысатынсыз... Ал мен ше? Мен болсам сіз ұрысқан сайын еркелей беретінмін, сіз соған мәз болатынсыз... мен үшін бақытты кездер еді... Қазір ше? Қазір бірінші болып өзім сөйлеуге де қорқамын. Сізді ренжітіп аламын ба, жоғалтып алмамын ба деген қорқынышты ойлар маза бермейді...

Қызық, сізде солай ойлай ма екенсіз? Мен жайлы ең болмаса бір сәтке? Бірақ қайдам...

Көзіммен көрмесемде естідім, өз аузыңыздан естідім, сүйіктіңізді тауыпсыз... сол сәт мені де бір ойламадыңыз ау...Қалай ауыр тигенін білгіңіз де келген жоқ... Қатігездік емес пе? Қалай қызғанатынымды сезбейсізде ғой...

Мейлі, сол жанды алақаныңызға қондырып бақытты болсаңыз екен, әдемі күлкіңізді жоғалтпасаңыз екен.......маған солда жеткілікті..........Ең бастысы сіз...

 

Ер жүрегі:

Күп нүкте, білемін, ойлаймын. Шындығында, мен Өзіңді алғаш көруім осындай құбылыстардан дейміз бе, сындардан дейміз бе, өткен еді. Қайтсем де, соңғы демім қалғанша өзіңмен бірге боламын деген өмірімде берген ең алғашқы сертім бар. Сол шақтарда еш қайғысыз, армансыз екем, сөйтсем. Алапат дауыл алдындағы кішкене ғана армансыз үзілісті өзіңмен бірге өткізгеніме қатты қуанамын. Иә, расында, тек қуанып қана өмір сүретін боламын. Мүмкін осы сөзіме сенерсің, мүмкін сенбейтін де шығарсың, кім біледі? Сол, телефон шалып,  қателіктен болған жай үшін менен жерге кіре ұялып, кешірім сұрағансың. Сол сәтте сенің бар екенің қайта есіме түскендей, көңілім алабұртып, жүрегім тулап, демімді ішке жасырған едім. Оным мүлдем дұрыс емес екен. Жоқ, шыным, дәл сол кез қазір маған келсе, барлық сырымды жасырмай айтар едім. Ол сырымда тек сені ғана шын жақсы көретінімді айта алар ма едім? 5 жыл... жауабы 5 жыл. Ендігі қалған өмірімді тек сен үшін сүріп, сені сүйіп өтетінімді айтар ма едім? Бұл ойымды сен ешқашан да білмей кететін шығарсың, мен сені жазықты деп мұңнан езіліп отырған жүрегіңнің таза екеніне еш күмәнім жоқ, маған қалай ғана хабарласа аларсың. Енді ол күндер қайда-а-а? Жүректің әлі де болса да дәмесі барын қарай гөр. Үміт атты өмір жібі әлі үзілмеген сыңайлы. Ол адам еркінен тыс дүние, оған бұйырып болмас. 

 

Қыз көңіл:

Сіздің мынау бір сұрағыңыз бар ғой: «Мен жаманмын ба?». Сол сұрағыңызға «Жоқ, әрине» деп қана жауап беремін, ал шын мәнінде ішімде неше түрлі сөздер сыртқа шыққысы келіп талпынады, сіздің жаман емес екенініңізді дәлелдегісі келеді, бірақ сіздің «Мен сенің ағаң, сен менің қарындасым болып қаламыз»-деген сөзіңіз тосқауыл болады... Маған еркесің, қолыңнан түк келмейді, қандай келін болады екенсің, біздің үй жаққа келін боласың ба деген сөздеріңізді естігенде ішімнен қатты қуанғаныммен сыртымнан білдіре алмадым... «Иә» деп айтқым келсе де «Ойнамаңызшы» деп жауап бергеніме өкінемін... Көріп кетейін деп келдім деген кезіңізде менен бақытты адам болмайды ғой шіркін.... Кеткен соң тағы маған ұрсасыз ғой өйтпе бүйтпе, ананы үйттің мынаны бүйттің деп, сол кездегі менің жүрегімнің дүрсілін естісеңіз ғой...

Уақыт емші дейді ғой, мүмкін бәрі өтіп кетер, мен басқаны кездестірермін, сол кезде осының бәріне күліп қарайтын шығармын.......Бірақ дәл қазір мен үшін бұл кезеңдер тәтті мұң...........Менің ағамсыз, мен сіздің «Бұзық қарындасыңызбын» ...Бұзықсың ғой деген сөзіңізді қайта-қайта естігім келе береді...

«Сені жылатайын ба?» - деген сөзіңізді естігенде жүрегім өзінен-өзі жылайды, білесіз бе? Ішімнен жетер енді болды деп тұрамында сыртымнан «Туу аға қойыңызшы»-дан басқа ешнәрсе айта алмаймын...

Бәрі Аллаһтың қалауымен болып жатыр ғой, сол Аллаһтан сіздің Бақытты болуыңызды тілеп өтемін Аға, Бақытты болыңызшы..............Ал мен бәрінеде шыдаймын...шамам жететініне сенемін...

 

Өкініштісі:

Хат иелері бірінің хатынбірі оқымайды... Оқыса да кеш... бәрі де кеш...

 

Автор: Оркин мен Ардақ



Бөлісу: