Оқығандарым есте жоқ...

Әріптесіммен бірге жұмысқа келе жатқанбыз. Әңгіме курстық, диплом жұмыстары, оларды жазу машақаты жайында...

- Дипломыңның тақырыбы не еді?

- «Тахауи Ахтанов романдарындағы көркемдік ізденістер»

- Анау күні «Шырағың сөнбесін» романының кейіпкерін көргендей болдым. Кішкентай біреу әйелін келіп қамшымен сойып қалады ғой... Ана жері ше...

- Ұмытып тұрғаным...

Ұят-ай. Ұмытып қалыппын. Басқа-басқа, дәл осы дипломды ұмытпайтын едім. Дәл осындай жағдай менде көп болады. Егер сюжетін айта бастаса «иә-иә» десіп, әрмен қарай жалғап кетуге болады. Менің жауым – ұмытшақтық. Қандай кітап, қай кейіпкер, қай жерде, қай жылы... Мұның бәрі бұлыңғыр. Басты қателік зейінде ме деймін. Себебі зейінге тоқылмаған дүние ертесі жоқ болады. Мүмкін қайталап оқып отыру керек шығар? Бірақ оқымағандарым қаншама. Оқылғаннан гөрі оқылмаған шетел, орыс әдебиетімен «төсектес» болсам ба деген ойды құп көретінмін. Ал мына жағдайдан кейін сенімсіздеу қалыпта қалдым.

Ұмыту сендерде бола ма осы? Әлде мен ғана ма?



Бөлісу: