ОҚУШЫНЫҢ ӨМІРІН ҚАРАҢҒЫ ҚАПАСҚА ИТЕРМЕЛЕЙТІН ҰБТ

ОҚУШЫНЫҢ ӨМІРІН ҚАРАҢҒЫ ҚАПАСҚА ИТЕРМЕЛЕЙТІН ҰБТ
жеке
блог

11 жыл білім алып, сол білімін көрсетер шақ таяу қалғанда талай оқушының жүрегіне қайғы ұялататын – ҰБТ екені даусыз.

Неге қайғы ұялатады деген сұрақ тууы заңды. Өмір жолы енді ғана бастағалы тұрған жас түлектің өмірін қараңғы қапасқа итермелейтін, орны толмас қасіретке, өкінішке алып келетін ҰБТ деп айтсақ қателеспейміз. Жастар білімге, ғылымға тереңірек үңіліп, сол арқылы алған білімімізді іспен дәлелдеп экономикамызды көтеруі керек. Бірақ, бүгінде ҰБТдан кездесіп жүрген, күлкіңді келтірер сұрақтарды көргенде экономикамызды мықты, тұғыры биік, еңселі ел боламыз дегенге сенім азаяды?! Қазірде ҰБТ көрсеткіші  бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда төмен болды. Оған не себеп? Бәлкім бұл көрсеткіш қазақ елінің болшағын ойламайтын, келешегіне алаңдамайтын жас ұрпақтарды тәбиелеп жатқанымыздың айғағы болар? Сонымен ҰБТның сапа көрсеткіші төмен болуы не себепті? Менің нұсқан төмендегіше:

  1. Сапасы төмен сұрақтар. Мысалы, Шоқан Уәлихановтың аяқ киімінің өлшемі қандай? Абылай ханның киімінің түймесі қанша? – деген сынды сұрақтар ҰБТда кездесіпті дегенді құлағы бар жан естіп жүр. Бұл сұрақтар арқылы ҰБТ өткізушілер нені анықтағысы, нені білгісі келді екен? Бәлкім осы сұрақтар арқылы оқушының көзін ашқысы келетін шығар? Бұл мүмкін емес. Біреудің аяқ киімінің өлшемі мен түйме санының қажеті қанша, әлде ҰБТ тізгінін ұстаушылар осы өлшемдер арқылы киім тіккісі келді ме?
  2. Тесттілеуде қатал тәртіп орнатқысы келген кезекші сымақтар. Қалайша олар он екіден бір гүлі ашылмаған, үрімдей қыздың ұятты жерін тексереді? Қалайша оған дәті барды?! Олар ұятты жерін тексермек түгілі, қолының ұшын тигізуге болмайтынын білмей ме әлде? Білмесе айта кеткен айып емес, жүрегінде иманы бар әрбір мұсылман қыз баланың еш жеріне тимеу керек. Ал, ұятты жерлерін ұстаушыларды кімге теңейміз? Хайуандық дейміз ба?! Олар туралы тесттен шыққан әрбір жас түлектен сұрасаң әрқайсысының да өз теңеуі, өз айтары бар. Бірақ олардың сөздеріне құлақ асып жатқандары шамалы. Бірі ақшаң болса кедергісіз, қорықпай өтесің, ал енді бірі жоғары лауазымда отырған ағаларың болса болды өздері-ақ, дұрыс жауабын әкеліп береді және тағы бірі дейді. Басқалары кезекшілердің жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтады. Әжетханаларға жібермей, «сендерге суды көп ішсін» -деген. Бір оқушы қорыққаннан, толқудан жылап жатса, -сені ешкім соғысқа аттандырайын деп жатқан жоқ, өтірік жылауды доғарыңдар!» деген сынды ұрыстар естіген. Қалай болар екен? Қанша балл жинаймын, әкем мен анамның абыройын қалай асқақтатып, көп балл жинап,  ЖОО-ға түсемін. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарым мен ата анамның үмітін қалай ақтаймын?!-деген ойлардан әбден қажыған жас түлектерге мұндай сөдердің де қатты соққы болғаны даусыз. Мұндай қатігездікке, қалайша баруға болады? Кезекшілер де түсіністікпен қарап, сабырлыққа, шыдамдылыққа шақыратындай сөздер айтып,  оқушыларды жігерлендірсе, көп оқушылар психикалық ауруға душар болмас па еді? ҰБТ – 11 жылдық білім деңгейін шешіп беретін жоба емес.

БАЛНҰР ҚАНИ, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ