Өкпешіл ме екем, әлде, өзім?!

Өкпешіл ме екем, әлде, өзім?!
жеке
блог

Неге?!Қашан?Кім?!Неліктен?-иәә менің көкейімде жүрген осы сұрақтар. Қашан?..Өзгереді екем мен қашан.Кім?!..Менің өзгеруіме кім септігін тигізеді екен.Бірақ, неліктен өзгеруім керек, неліктен?!...

         Адам болып дүниеге келген соң адам болып кету керек екені дұрыс-ау. Пендеміз ғой, соңғы кездері өзімнің бойымдағы қасиеттерім ұнамай жүр.Менің ойымша тек маған емес, өзгесіне де ұнамайтындай. Күннен-күнге адам баласымен тіл табысу қиын болып бара жатыр. Өзімшілдігім басым-ау шамасы. Жоқ, олай емес жұрттар, олай емес! Анама өзімнің мінезім ұнамайтынын айтып, мұң шертетін кездерім болады.

-Бір беткей, тым тік мінездісің деп айыптайды жұрт осы мені?!Неліктен, бұл мінезімнен қалай ғана арылам ана?!

-Жадруня жаным, бұл сенің бойындағы еркелік. Менің мінезім саған дарыған, оның емшісі де уақыт. Өмір өздегеніне көндіреді, өзгересін үйтіп мойыма қызым,-деген  анамның сөздері менің жаныма ем.

Анама тартып жаман болғаным емес, оның бойында байқап отсам әлі күнге дейін бар өкпешілдік.Күніне бір рет қоңырау соғып тұрмасаң да өкпелеп қалады менің алтыным.

  Иә,расымен де бұл бәлкім тек еркелік шығар. Өкпелемеймін деп уәде беріп тұра өкпелеп қала беремін. Бірақ, басқаның маған өкпелегенін қаламаймын, қатемді түсінген болып бас изей кешірім сұраудан қашпаймын. Өзгесі маған өкпелеп жүрсе менің де көңіліме кірбің түсіп, уайымға салынамын. Ал,менің өкпеме түкіргені бар олардың, өкінішті-ақ әрине. Кешірім сұрау кіші болып қалғанның белгісі емес. «Кешірім сұрау тек кішіпейілділіктің белгісі» екенін ұмытпайықшы.