Өкпелейм кейде өмірге
жеке
блог
блог
Ойланам кейде өкпелейм кейде өмірге
Шаршаймын кейде ренжимін де өмірге
Соншалық қандай кінә бар менде білмеймін
Күрсіне де жылап қарайтұғын өмірге
Өкпелеймін мен айналамдағы жандарға
Жәй ғана затты айналдыратын айғайға
Өзі ғана дұрыс басқалар бұрыс дейтіғұн
Неліктен екен өкпелейтінім оларға
Ашуланады бұлқынады олар жәй затқа
Білмеймін осы істейтіні бір мазақ па
Дос болып алдап өтірік айтып қинайды
Өзінен басқа жан жоқтай мынау жаhанда
Осыны ойлап өкпелеп едім бәріне
Орынсыз шығар бұным да менің әрине
Білмеймін бірақ көңілім әлі жабырқау
Орнына түспей тұратын шығар әлі де