ОҚО-да тұңғыш рет Сүгір атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауы өтуде.

ОҚО-да тұңғыш рет Сүгір атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауы өтуде.
жеке
блог
 
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы, ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы, «Түркістан 2017 жыл - Түркі әлемінің мәдени астанасы», дәулескер күйші Сүгір Әліұлының 135 жылдығына орай Сүгір атындағы дәстүрлі орындаушылардың (баян, қобыз, домбыра, шертер) байқауы Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан саз колледжінде өтуде. 
 
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған байқаудың мақсаты - көне дәуірден бастау алатын Сүгір Әлиұлының фольклорлық өнерін көздің қарашығындай сақтап, дәріптеп, ұлттық мұрамызды келер ұрпаққа жеткізу, жастар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттырып олардың дамуына қолдау көрсету, аспапта орындаушыларды, күй өнерін кең ауқымда өрбуіне ат салысу болып табылады. 
Шара барысында сырлы Созақ өңірінде дүниеге келген Сүгір Əліұлы жайында бейнеролик көрсетіліп, байқауды облыстық мəдениет басқармасының мəдениет жəне өнер бөлімінің басшысы Шарафиева Ғалия Аликенқызы құттықтау сөзбен ашып берді.
Өнер додасы екі кезең бойынша өтуде. Домбыра, қобыз, баян және шертер орындаушылар бірінші кезеңде Сүгір Әліұлының шығармаларынан бір күй, екінші кезеңде «Оңтүстіктің 100 күйі» жинағынан бір күйден орындауы тиіс. 
Байқауға облыстың аудан, қалаларының 14-25 жас аралығындағы 70-тен аса өнерпаздар қатысуда.
Үміткерлердің өнерін Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның Құрметті профессоры, домбырашы, қазылар алқасының төрағасы Губайдуллин Өтеген Губайдуллаұлы бастаған мəдениет жəне өнер майталмандары сарапқа салуда.
 
Суретті түсірген: "Оңтүстікфильм" түсірілім тобы.