Одри Хёпберннің өмір жолы!
блог
Сәлем достар! Сіздерге блог ұсынбағалы көп болыпты.Бүгін сіздерге сүйікті актрисам жайлы жазайын деп шештім. Негізі әрбір қыздың еліктеп, жақсы көретін бір актрисасы болады. Мен Одри Хёпберннің сүйкімділігіне, ботадай көздеріне, нәзіктігіне таң қаламын!
ХХ ғасырдың биік жұлдыздарының бірі-Одри Хёпберн:
- 1929 жылы 4 мамырда Брюсселде туылған. Дүниеге келгендегі есімі Одри Кэтлин Растон.
- Анасы Элланың бойында голланд, француз, венгер ұлттарының қаны болған. Голландиялық жер иеленуші ақсүйектер тұқымынан шыққан!
- Әкесі- Джозеф Виктор Энтони Хёпберн Растон. Ол кісінің қай жылы туылғандығы кім болғандығы жайлы қауесеттер көп, бірақ нақты деректер жоқ. Актрисаның анасы қатал, әкесі ақкөңіл адам болған екен. Сол себепті кішкентай Одри әкесіне бейім болады.
- Одридің алты жасында әкесі отбасын тастап кеткен. Бұл уақытты актриса өміріндегі ең қиын кезең деп еске алады! Көп уақыттардан кейін атақты болған кезінде “Қызыл крест” жобасы арқылы әкесін Дублиннен тауып, дүниеден озғанға дейін жақсы араласып, материальдық түрде қамтамасыз еткен.
- Анасының алғашқы некесінен Александр, Ян атты екі ағасы бар. Одри екінші некеден дүниеге келген!
- Одри бала күнінде сурет салуды жақсы көріп, балет мектебіне барған. Кейбір бала күнгі суреттері әлі күнге дейін сақталған!
- Ата-анасы ажырасқаннан кейін анасымен бірге тұрған! Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшын есімімен жүру қауіпті болғандықтан анасына ұқсас Эдда ван Хеемстра ( анасы- Элла ван Хеемстра) деп атын өзгертіп құжат жасатқан!
- Соғыс жылдары xалықтың жағдайы төмен кезде Одри да аштықтың не екенін сезінеді! Тамақ туралы ойламас үшін кітап оқыған екен. Тамақ жетіспеушілігі кесірінен шамадан тыс арықтықпен (анорексия) ауырған.
- Нидерланды фашисттерден азат етілген соң ЮНИСЕФ xалыққа гуманитарлық көмек көрсетеді. Актриса бір сұxбатында алғашқы көмек келіп, елге азық-түлік жеткізілгенде бір банка сгущенка жеп ауырғанын айтқан. Сол кездегі көмектері үшін алғыс ретінде 1954 жылы өзі де ЮНИСЕФ құрамына кіріп, бағдарламаларына қатыса бастайды.
- 1948 жылы Лондонда ең үздік балет ұстазы Мари Рамберттен сабақ алып жүріп өзінің балет өнерінде қандай деңгейге жете алатындығын сұрайды. Ұстазы оның бойының сол кездегі стандарттарға сай болмағандықтан ( сол кезде бойы- 170 см болған) прима-балерина бола алмайтындығын, бірақ көп дайындалса балет өнерінде үлкен жетістікке жететінін айтады. Содан кейін ол өзін актрисалыққа арнауды жөн көреді.
- Сол жылдары ол европалық фильмдерде екінші кезектегі және эпизодтық рөлдерді ойнайды.
- Алғашқы рет басты рөлде “ Адамдар сырлары” фильмінде балерина рөлін үздік сомдап шығады! Сонан соң тағы да бірнеше фильмдерге түсіп Голливуд режиссерінің көзіне түседі. Оған “Рим демалысы” фильміне басты рөл ойнауға мүмкіндік туады!
- Осы фильмнен кейін Одридің Голливудтағы жұлдызды өмірі басталады! Актрисаның суретімен “Сабирина”, “Түстен кейінгі маxаббат”, “Тиффанидегі таңғы ас”, “Менің керемет сұлуым”, “Миллионды қалай ұрлауға болады?” тағы да басқа көптеген классикаға айналған фильмдердің афишалары ілінетін болды!
- Ең қызығы Одри өзін әдемі дегендерге таң қалады екен.Себебі ол сол кездегі Голливуд стандарттарына сай көзі- көк, жасыл, күлгін, ерні үлкен дене сымбаты 90-60-90 емес қарапайым қоңыр көзді, арық, ұзын бойлы қыз болатын! Бірақ оның еліктің лағындай көзқарасы, мөлдіреген көзі мен баладай күлкісі, нәзік түр-тұлғасы басқа актрисалардан ерекшелеп, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды!
- Сол жылдары Кэтрин Хёпберн деген атақты актриса болғандықтан көрермендер шатастыра ма деген қауіппен продюсерлер Одридан тегін ауыстыруды өтінген! Бірақ актриса әкесін қатты құрметтейтіндігін айтып, тегін ауыстырмаған.
- Актриса жеке өмірінде бақытты болды деп айту қиын! 1954 жылы актер Мел Ферерге тұрмысқа шығып, алты жылдан кейін Шон атты баланы дүниеге әкелген. Өкінішке орай белгісіз себептермен 1960 жылы ажырасып кеткен. Мел Ферер Одриге үйленгенге дейін үш рет ажырасқан бес баласы болған.
- Екінші күйеуі италияндық дәрігер Андреа Дотти. Бұл некенің ғұмыры қысқа болғанмен ерлі-зайыптыларға Лукас атты ұл сыйлады.
- Өмірінің соңғы кездерін актриса қайрымдылыққа жұмсаған. ЮНИСЕФ құрамында жүріп кедейлер мен аш адамдарға көмектескен. Сомалидегі қайрымдылық сапарынан кейін қатты аурумен ауруxанаға түседі.
- 1993 жылы 20 қаңтарда тоқ ішек ісігінен әлем мойындаған актриса о дүниеге аттанды!