«Бір қала бар мен жиі түсімде көретін, білсеңіздер ғой ол маған қалай қымбат екенін» деп мен батыр-қала, оңтүстік Пальмира, теңіз жағалауындағы лағыл тас және де әзіл мен сатираның ордасы, көз жауынын алар Одесса туралы айта алам. Ендеше, ешкімге ұқсамайтын Одессаға сапарымызды бастаймыз.
«Бұл не деген ғажайып – Дерибасовск көшесі! Түскі төрт шамасында, теңізден дымқыл наурыздық жел соғады да, бүкіл Ресей алақандағыдай көрінеді...» Одессаның өлеңдерінде жырланған, Дерибасовск көшесі Одессаның дәл жүрегінде орналасқан.
Одессаға келіп тұрып, Привоз-ды көрмей кетуге болмас. Привоз – үлкен көлемді, ескі сауда орталықтарының бірі. Тұрғындардың айтуы бойынша привозда не керектің бәрін табуға болады.
Кейін, 192 баспалдақтан тұратын Потемкинск көшесімен серуендеп, әйгілі Украинадағы ең үлкен теңіз вокзалына да жеттік. Ол жердегі теңіздің кербез келбетіне, тарихқа көз жүгіртер ғимараттарына сүйсінбей қарау мүмкін емес.
Аркадий Аверченко айтқандай, Одесса опера театры – Ресейдегі ең үздік театр. Актрелері де өз жұмыстарының майталмандары. Ал, пьесаларын басқа ешбір жерден көрмейсіздер де.
Театрдан шыққан соң, рахаттанып бір демалмадық па? Ендеше, Қара теңіздің жағалауында орналасқан Аркадия атты демалыс орнына сапар шегейік. Бақыт пен тыныштыққа, татулық пен әсемдікке толы жердегі демалысқа тәнті болып қайттым.
Кешімізді теңіз жағасындағы гүлзарда, ашық аспан астындағы әдемі кешпен бітірсекпе деймін..
Леонид Утесов: Дүниеде көптеген қалалар бар. Бірақ, Одессаға жетер қала жоқ. Одессаға теңізден қарап көріңіз. Жұмақ! Теңіз жағалауынан қараңыз. Тағы да жұмақ! Одесса тұрғындары жақсы өмір сүреді екенсің деп айтқысы келсе, «Ол Одессада Тәңір секілді тұрып жатыр» деп айтады екен. Ал, сіз «Ол Нью-Йоркта Тәңір секілді тұрып жатыр» деп айтып көріңіз, сізді не мазақ қылады, не есінен ауысқан деп таниды.
Ал, қаланың кереметтілігін айта берсек, алысқа сапар шегіп кетерміз. Ендеше, құр әңгімеден гөрі осыншама жылыңызды бос өткізбей бір рет болсын Одессаны көріп қайтуға кеңес беремін.Осы жазбамды Одесса туралы кино өндірісінің үздік туындысы "Жажда" сериалындағы сөзбен қорытындылағым келіп отыр.
Одесса мен қайтып ораламын....