ОДЕКАЛОН-МАХАББАТ

ОДЕКАЛОН-МАХАББАТ
жеке
блог

Көзіңе қарағанда құшағын жаяды-арың,
Баяулап құлағыма шырқалды баяғы әнің.
Біздерді таныстырған,сезімді табыстырған,
Бір шарлап қайтайықшы «Ғашықтар» саябағын.

...Бет алғам саған қарай жүрекке өлеңді орап,
Жаралы жанның емін жүргенмін сенен ғана ап.
Шығармай тұнық үнді, сездіртіп қылығыңды,
Ұялып тұра бердің жай ғана төмен қарап.

Дәл осы саябақта тағдырдың сыйы қалған,
Оп-оңай жеткізбейді-ау өзіне құйын арман!
Қызарған ерініңнен, от алып ерідім мен, 
Еркіме әлім жетпей жұп-жұмсақ сүйіп алғам.

Мұндайда қаламайды ғашық ер тосылғанды,
...«Жалғыздық» деп аталмыш ұмыттым досымды әлгі.
Көзіңмен көзімді ұрлап, сезімдер сезімді ұрлап,
Исі аңқып махаббаттың қос жүрек қосылған-ды.

Шақырып тұрды-ау,сірә,сезімнің күші егеске,
Мен сонда ғашық болғам...
-Мүмкін бұл түс емес пе?!
Исіне мас қылдырар қолға алсам «одекалон»,
Баяғы исі аңқыған махабат түседі еске...

Жандарбек ЖҰМАН