Очм, сандырақ
блог
Офистегі қалған құтқан нанды қорек еткен Таймас итіміз әкемді көргенде төбесі көкке жеткенше қуанады. Өйткені, үйде оған тамақ беретін тек әкем. Кей-кейде көзі жәутеңдеп маған да қарап қояды, бірақ бұл міндетті мойныма алмағандықтан, таңертең шығарда: "Пока, Таймас" деп кете беремін. Бірақ әкеме деген көңілі ерекше, оның алында еркелейді, секіреді, айналшақтап жүгіреді, туған әкесіндей жақсы көреді, очм.
Сіз байқадыңыз ба, мысалы, көшеде бір ит шәуілдесе барлық иттер қоса шәуілдеп кететіндігін. Көршінің иті ызаланып, біраз шәуілдейді, сосын басқа ит, сосын басқа... Ішімнен, осылар бір проблеманы шешіп жатыр-ау деп қоямын.
Құмырсқалар мәселесі тіптен бөлек. Кейде олардың өмірі біздікіне қарағанда жүз есе идеалды ма деп қаламын. Шетінен озат адамдар, тоесть құмырсқалар. Мысалы, қыстың қамын жазда ойлайды, тізіліп алып, көшеді, үй тұрғызады, бір басшы тағайындап алған соны тыңдайды, тура бір сарбаздар сияқты. Өлген құмырсқаны далада қалдырмай, індеріне алып кетіп, жерлей ме... құдай біледі. Мұндай іс кейде адамдардың да қолдарынан келмей жатады.
Жалпы алғанда, менің ойымша, жануарлардың өз әлемі бар. Олар да адамдар сияқты ғашық болады, ызаланады, төбелеседі, тату-тәтті өмір сүреді және т.б. Біз жай ғана олардың сөздерін түсінбейміз.
Біз туралы Ақзере пост жазып жатыр екен, естідің бе?
- Көжектерім, әкелерің қазір сендерге тәтті тамақ алып келеді... Тыныш отырыңдар...
Біраз уақыттан соң орманда мылтықтың даусы естілді.
- Жеңгетай, бекем болыңыз, жұбайыңыз адам атты хайуандардың қолынан қаза болды.
Хнык, хнык...