«О о дыбысы және әрпі»

 

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: 
«О о дыбысы және әрпі»


Сабақтың мақсаты:

а) Балаларды «О о дыбысы және әрпімен» таныстыру. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын кеңейтуге ықпал ету. Балаларды мәдениеттілікке, әдептілікке, қайырымдылыққа баулу. АКТ-мен жұмыс.

б)Тәрбиелік: балаларды дұрыс, әрі тез шешім қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Жұмыс тапсырмалары, слайд, АКТ-мен жұмыс, дидактикалық материалдар.
                                                        Сабақ барысы
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде ауа-райы қандай болады?

- 1 аптада неше күн бар?

- Қандай апта күндері бар?

- Қандай жыл мезгілдері бар?

___________________________

________________________________________________

Бүгін сабақта,

Зейінді боламыз.

Көзбен көреміз,

Құлақпен тыңдаймыз,

Сабақты бастаймыз!

a) Мимикалық жаттығу:

Таң қалу (қабақты көтеру, 10 рет);

Ренжу (қабақ түю, 10 рет)

Көз қысу (оң көзді кейін сол көзді кезек-кезек қысу 10 рет)

Иіскеу (мұрын тыржиту, 10 рет )

ә) Тыныс алу жаттығулары:

Мұрнымызбен дем аламыз, аузымыздан дем шығарамыз (3 рет қайталау)

Ауызбен дем аламыз,мұрынмен дем шығарамыз(3 рет қайталау)

Мұрынмен дем алып,мұрынмен дем шығарамыз(3 рет қайталау)

Ауызбен дем алып,ауызбен дем шығарамыз(3 рет қайталау)

б)Дауыстық жаттығулары:

Ауаны көп алып, бір дем шығарған кезде дауысты дыбыстарды айтамыз.

А________________ (аузымызды кең қылып ашамыз, қолымыз екі жақта)

O _____________ (ернімізді дөңгелетіп, қолымызды жоғары қарай дөңгелетеміз)

У ________________ (ерніміз дөңгеленіп алға созылады, қолымызды алға созамыз)

И________________ (ерніміз күледі, қолымызды екі жаққа көтереміз)

Ы________________ (ернімізді күліп, тісімізді көрсетеміз, қолымыз екі жақта)

Э ________________ (ерніміз күліп ашылады, қолымыз екі жақта)

в)Артикуляциялық жаттығу:

«Күлкі» (Еріндер күліп,тістеріміз көрінеді)

«Түтікше» (Ерінімізді алға түтікше жасаймыз)

«Сағат» ( Тілімізді сағат секілді жылжытамыз)

«Тәтті тосап» (Тілімізді тосап жеген секілді ерінімізге тигіземіз)

Д) Саусақ жаттығуы:

- Бас бармақты -балан үйрекпен, ортан терекпен, шылдыр шүмекпен, кішкене бөбекпен түйістіру

- Бас бармағым – атам

- Балан үйрек – апам

- Ортан терек – әкем

- Шылдыр шүмек – анам

- Кішкене бөбек – мен

« Вертолет » (Қолды айқастырып, саусақты алға,артқа айналдыру)

« Фонарь» ( Қолды ашып, жұму жаттығуы)

Шаттық шеңбері

(Балалар өзі орындайды)
ІІ.Негізгі бөлім

1.Өткен сабақты қайталау.


- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Балалар, дыбыстың қанша түрі бар?
- Біз оларды қандай түспен белгілейміз?
- Өткен аптада біз қандай дыбысты өттік?
- Ш дыбыстың қай түріне жатады?

- Ендеше, балалар, тақтаға қарап, Ш дыбысы бар суреттерді қайталайық. 
- Мәссаған, балалар, “Ожау“ сөзінде Ш дыбысы бар ма?
- Жооқ.
- “Ожау “ сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.

2. Жаңа сабақты түсіндіру


- Сонымен, балалар, бүгін біз “О дыбысы және әрпімен” танысатын боламыз.
- Қане, бәріміз ООООО деп айтайықшы. О дыбысын айтқанда кедергіге ұшырап тұр ма? Әндетіп айта аламыз ба? Онда балалар О дыбысы дауысты дыбысқа жатады. Біз оны қызыл түспен белгілейміз. 
- О дыбысы неге ұқсайды екен? (Доп, сушки, велосипедтің дөңгелегі)
- Балалар, О дыбысының баспа түрі осылай, ал, жазба түрі осындай болады.
- Қанекей, менімен бірге О дыбысының жазба түрін қолымызға қалам алып, ауаға жазу арқылы қайталап көрейікші.
- Балалар, О дыбысы қазақ тілінде сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Мысалы, сөздің басында орындық, ою, ожау, сөздің ортасында доп, домбыра, моншақ, сөздің соңында кресло, пальто кездеседі.


3. Тақтадағы сөздерді буынға бөлу.


- Ал, енді балалар, ойын ойнаймыз ба? (Тақтаға О дыбысы бар суреттер көрсетіледі. Балалар сөздерді буынға бөліп, О дыбысының сөздің қай жерінде кездесетіндігін айтады)

 

4. Сергіту сәті.

Аяқпенен топ-топ,

Ал, қолменен хлоп-хлоп

Бір оңға, бір солға,

Айналамыз кел мұнда.


5.Буында айтқызу.

РО ЛО ОП ТО ШО

НО ОР ОЛ ОЙ


 -Енді, жылдам оқып үйренейік.

6.Тақтадағы суреттерге дыбыстық талдау жасау.


7. Бекіту

- Балалар, бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

- О дыбысы қандай дыбыс түріне жатады?

- Сөздің қай жерінде кездеседі?

III. 8) Қорытынды.

- Сабақта біз не істедік? 

- Көзімізбен не істедік?

- Мұрынымызбен не істедік?

- Қабағымызбен не істедік?

- Тілімізбен не істедік?

- Қолымызбен не істедік?

 

 

 



Бөлісу: