О, Массагет! Менімен егіз бе едің?!
блог
Мұқағали атам жырына ұқсатып "О, Массагет! Менімен егіз бе едің?" деп айтқым келеді. Мен және Массагет. Массагет және мен. Ғазиза және Массагет. Массагет және Ғазиза.
Массагет мен үшін ерекше әлем. Менің бағымды ашқан әлем. Менің жолыма нұр шашқан әлем. Негізгі мамандығымнан бөлек, басқа мамандыққа ауысқанда алдымнан осы Массагет жобасы шықты. Ол кезде оның аты да жоқ еді. Оған балаға ат таңдағандай небір атауларды ұсынып, қойған кезіміз есімде. Ақ тақтамызға қызыл, көк, жасыл маркерлермен ойымызға келген атауларды жазған едік. Ішіндегі ең ерекшесі осы Массагет болғандықтан ұжым болып осы атауға тоқтадық.
Массагет құрылғанда небір күндер бастан өтті. Қызығы да, шыжығы да болды. Біріміздің жасымыз жұмысты ойдағыдай атқармағанымыздан болса, біріміздің жасымыз біреудің аяқтан шалғанынан болғаны жасырын емес. Ал алаштық әріптестер болса, қағыта сөйлеп, қалжыңмен "Не тірлік істеп жүрсіңдер?", "Қандай сайт болады?" дегенде, мемлекеттік құпияны сақтап жүргендей ешқайсысымыз тіс жармай, "Уақытында көресіңдер" дейтінбіз. Өзгелерден жасырып, сары майдай сақтаған массагет, мінекей, аз уақыт ішінде көпшілік қауымның сүйікті мекеніне айналып, ауыз толтырып айталық жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Менің Массагетпен егізбін дегенім келсем. Мен қайда жүрмесем де, қайда түспесем де алдымнан Массагет шығады. Басында өзіммен қатарлас құрдастар танып, айтып жатса, қазір үлкен ұстаздар, аға-апалар айтып жатады. Кейде жұмыс көбейіп, ғаламтор ақтаратын, Массагетті бір ашып қарайтын уақыт таппай қаласың. Сол кезде бір дүниең жетпей тұрғандай күй кешесің. Массагетті іздейсің.
Мұның барлығы неден шықты десеңіз, түсімде бүгін Массагетті көріппін. Массагеттің жетістіктерін айтып, улап-шулап жүргенге біраз болды ғой. Бәлкім, соның салдары ма, әлде, кеше досым Шамшаддинмен сөйлескенде Массагетті тілге тиек еткеніміз бе, мен білмеймін, бірақ, Массагет менің өңімде ғана емес, түсімде де жүр. Солай)