"О, боже мой!"
блог
Кеңес заманы ғой. Әскерге кеткен жігіттер сол жақтан келіншек ала келетін. Бізде сондай «мода» болды. «Интернациональная семья» деп ұрандатып жатқан кезең. Сіздерді қайдам, біздің жақта көзі көк, шашы сары жеңешелеріміз сол жылдары күрт көбейіп кеткен.Солардың бірсыпырасы қазір сары қарын бәйбіше. Бір жақсысы- ағаларымыздың арасында күшік күйеу болғандар жоқ. Ал, жеңешелеріміздің қазір түсі ғана қазақ емес.
Баласы орыспен құда қылғандардың бірі -Бөжім ақсақал. Қожанасырлау кісі еді марқұм. Бөжім ақсақалдың көк көз келіні алғашында күйеуінің есімінен өзге жалғыз ауыз қазақша білмейтін. Жан жағының бәрі жат. Боздаған бота да, маңыраған қой-ешкі де бәрі таңсық. Үнемі таңырқап, таңданып «Боже мой, боже мой» деп жүреді екен. Бөжім ақсақал кемпірінен «мынау не дейді» деп сұрамай ма? Кемпірі "құдайына сыйынып жүр" деп қысқа қайырған. Сонда ақсақал "Әй, айналайын-ай, Бөжім-ай, бөжімайлап тірі атасына сыйынатын келін менде ғана бар " деп мәз болыпты.