-Нұрым аға ең бірінші өзіңізді таныстырып өтсеңіз.
-Мен Жамбыл облысы,Мерке ауданы,Беларық ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім,отбасымда ата-анам,əпкем,ағам,қарындасым жəне мен.Музыкаға əуестігім кішкентай кезімнен басталды.Мектеп қабырғасынан бастап əртүрлі аспаптарға қызығып,алғаш қазақтың қара домбырасымен бастау алдым.
-Қандай аспаптарда ойнайсыз?
-Домбыра,гитара аспаптарында ойнаймын.Екі аспапта ойнауды да өзім қызығып үйреніп кеттім
-Қазір қоржыныңызда қанша əн бар?
-Гитарамен орындалатын 30 ға жуық əнім бар.Эстрадалық əндерден 20ға жуық.
-Қазіргі уақытта кімдермен жұмыс жасап жүрсіз?
-Қазіргі уақытта көмекшім ғана бар.Қазіргі заманда əншілердің бəрі продюсер арқылы танымал болып жатыр.Мен өз күшімен гитарамен ерекшеленгім келеді.
-Əлеуметтік желілерде отырасыз ба?
-Вконтакте жəне инстаграм желілерінде ғана арнайы көмекшім отыратын жалғыз парақшам бар.Ал қалған 100-ге жуық парақшалардың барлығы жалған.
Сұхбатыңызға рахмет!