«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтті
блог
2016 жылы Тараз қаласында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтіп, бірқатары қайтадан бой көтерді. Соның бірі №30 мектеп. Негізінен, білім беру нысаны жөндеуге дейін апатты жағдайда болған. Сондықтан құрылысты жобалаушылар мектептің бұрынғы ғимаратын алып тастап, құрылысшылар ғимаратты іргетасынан бастап қайта көтерді. 2016 жылдың тамыз айының басында басталған құрылыс 2017 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі тиіс. Құрылысты жүргізіп жатқан «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-нің прорабы Қайырбай Күлімбетовтің айтуынша, 2016 жылға бөлінген 1 млрд. теңгенің 450 млн. теңгесі игерілген. Жалпы, бұл мектеп 7 корпустан тұрады. Сол 7 корпустың 5 корпусының құрылысы басталып қойған. 1000 оқушыға шақталған білім беру нысанының құрылысына 90 құрылысшы жұмылдырылыпты. Аталған бағдарлама аясында 80 жылдық тарихы бар №24 орта мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Салтанат» мөлтек ауданындағы балабақша пайдалануға берілді.