"Нұржан мен 300 теңгеге туфли алдым,сен қаншаға алдың?"

"Нұржан мен 300 теңгеге туфли алдым,сен қаншаға алдың?"
жеке
блог

 Бала күнiмде шамасы осыдан 10 жыл бұрын.Жаздың күнi.Ержан атты досым болатын.Бiр көшеде тұрамыз,бiр сыныпта оқимыз.Өзi мактау сүйгiш бала едi.Оқу жылы жақындап келедi.Мектепке дайындық.Ата-анамыз киiм-кешек,бiзге қажеттi заттардын барлығын алып бередi.Сол Ержан досым бiрде үйiме келiп:"Нұржан мен 300 теңгеге туфли алдым,сен қаншаға алдың",дегендi.Ал мен өз туфлиымды 1500 теңгеге алғанымды айттым,әлгi досым "Нұржан сен 1500 теңгеге бiр ғана туфли алсаң,мен 5 туфли аламын", деп бiр мақтанды.Сөйтiп оқу жылы басталды.5-сынып оқимыз-ау шамасы.Жаңагы туфлиын айтып сыныпта барлығына мақтанып шықты.Мұғалiм келдi,сабақ басталды.Қонырауда әбден жүгiрген Ержан досымның туфлиының бiр табаны түсiп калды.Өзi мән бермейдi оған.Не керек төрт сабақ бiткенше Ержанның екi табаны да түсті.Сабақтан қайтқанда екi табанын ұстап қайтқан жайы бар.Мұнымен айтқым келгенi,"арзан дүние тұтынушыны өзiне көп тартады",екен..