"Вавилон деген елдің падишасы Новуходоносор билікке келгеніне 4 жыл болғанда нәпсі шеңбері кеңейіп, айналаға қырғи көзбен қара бастапты-мыс. Сол бір замандарда Әссирия деген мықты дәулет болыпты. Бірде Новуходоносор Әссирияға шабуыл жасайды..."
Адамдарды айтам да, әлгі жерде. Жоқ, менен бұрын да мыңдаған адам адамдар туралы сыры мен жырын да айтып кетті ғой. Сондықтан, бұл өзекті емес. Яғни, мен үшін өзекті емес. Иә, бәрібір адамдар туралы айтуға тура келіп тұр:)
Фейсбукта бір топтар пайда болыпты (Фейсбукты қоғамдық орта деп алайық). Рұқсатсыз топтарға салып жіберетін әдетті шығарды, бәлки, ол бұрыннан бар. Жоқ, бұл да өзекті емес.
Ақзеренің өз постын өзі жұмыс жасап жүрген сайтқа жариялап жіберіпті. Неткен көргенсіздік десеңізші! Ұят-ай. Бірақ, бұл дәл қазір Ақзеренің өзіне өзекті (тіпті, сұмдық ашуланды), ал мен үшін ойда сақтап жүруіміз керек нәрсе болуы керек.
Кейде адамның қолы еріксіз байланып қалатын сәттер болады. Сенің еркің өзіңде емес, кәдімгідей соны сезінесің. Биік ұшуға бейне бір... Тәәәк, бұл болмайды.
Кеше телеарнадан бір бағдарлама көрдім. Жалпы қоғамда әркім өз орнында болса жақсы ғой. Шахтер-модель, сантехник-журналист деген тіркестердің ұйқаспайтыны сияқты әнші-журналист деген де мен үшін ғайып нәрсе. Кеше біраз күлдім-ау. Ощм, бұл да, өзекті емес, әркімге өз ойлағаны...
Енді сондағысы, не өзекті дейм ғо, жаңағы жерде...
- Садко, кеттік, Аленушкаға барып түскі ас ішіп қайтайық...
Ооох, міне өзекті нәрсе. Асқазан сырнайлатып жатқанда тауық етінен жасалған 80 теңгелік үлкен үш самсадан өзекті нәрсе жоқ екен.:)
"Бірақ, Новуходоносордың бұл шабуылы өте сәтсіз болды. Әссирия әскері жауды қайтармақ түгілі, Вавилон әскерлерін түгін қалдырмай талқандап жібереді. Аман қалғандары елге аш-жалаңаш күйде зорға қайтыпты деседі. Біраз жылдардан соң Вавилон салтанаты құлаған көрінеді... Тарих солай..."