"Новая волна" немесе шәй үстіндегі ой...
блог
Кешелі бері "Новая волна" болды жырымыз. ФБдағы көптеген посттардың жазылуына арқау боп отыр. Біреулер - байқаудың тікелей эфирде Ұлттық арнадан беріліп жатқанына наразы, екіншілері - Қадір түнінде, жалпы Ораза айында жартылай жалаңаштанып ән шырқауына қарсы әртістердің. Қайткен күнде де, жыл сайын теледидардың төріне миллиондаған тыңдарман жинайтын "масштабный" байқаудың өтуіне біреуіміз кедергі бола алмаймыз. "Примадонна" мен "Крутой"(Игорь) жігіттің еңбектерінің еш кетпегені көрініп-ақ тұр. Жылдағыдай "декорация" өзгертілмесе де, қонақтар мен "русский" жұлдыздардың тізімінде өзгеріс бар азын-аулақ. Оны байқап та қалған шығарсыз ендігі. Енді не керек, атпааааалдай азаматтары келмеген биыл "аққұлақтардың". "Сальто-мальто" секіріп жүріп, "һәләуләйлімге" салатын Газмановтың өзі неге тұрады?! Оны қойшы, "тақырбас" Кобзонның қандай жазығы бар еді? Валерияны әңгімеге араластырмағанның өзінде... Бұлар - Латвияның мәдениет министрінің қаһарына ұшыраған "бейшаралар". Украина мен Ресейдің арасында болып жатқан қақтығыстарға байланысты "саяси көзқарастары" теріс деп танылған дейді. Ұрсысты, керісті, әңгіме аяғын таппады. Бір анығы, сол 3 жұлдыз "Жаңа толқынның" киелі сахнасында өнер көрсетпейді енді. Қалғандары - жайлы орындарында.
Бүгін біздің Әлішер Ширкомен дуэт құрды 2ші айналымда. Алғашқы күні жақсы нәтиже көрсеткенмен, әділқазы бірыңғай ондығымен жылатты оны. Кінәні кімге артады екенбіз?! Ширко - тума талант иесі сөзсіз. 4жыл бұрын дәл сол сахнада тұрып, таң қалып, таңдай қақтырарлық өнер көрсеткен болатын. Онысы үшін 2ші орынды да місе тұтқан. Меніңше, Әлішер мен Таняның дауыстары ұқсап кетті. Екі түрлі, бір арнаға тоғысқан дауысты естімедік. Яғни үндері бір "струяға" түспеді. Кей кездері, тіпті, Ширко ғана ән шырқап жатқандай болды. Басып кеткендей байғұс өренімізді. Әлішеріміз "подпевкада" тұр ма деп қалдым?! Жә, бұл - жеке "мнение".
Ал енді, мына қызықты қараңыз!!! Кеше Петрикті(Плаксина мен Ревияны қоспағанда) сүйреген "орыс жұлдыздары", бүгін Рыбиковты алдыңғы орыннан бір шығарды. Неге "именно" соларды? Неге Шуринсқа көмектеспеді, неге Сонаны тықпаламады? Қалай ойлайсыздар?
Алдыңғы апталардың бірінде Пугачеваның Путиннің ісін құптамай жазған посттары мен твиттерін көзім шалған еді. "Примадонның" ол жазбаларын сайттар мен газет,журналдар жарыса жариялап жатты. Содан соң, жалғыз Алла емес, алып империяның біраз әртістері қақтығыстарға қарсы екендіктерін жеткізгендей болды(Лазаревтердің суреттері орыс туалеттерінің төрінен орын теппеді ме?!). Міне.... Гәптің бәрі осында, шамасы... Бұл байқаудың "ресми емес" төрайымы - Галкиннің жары екенін біреуіміз білсек, біреуіміз білмейміз. Крутой,Ревзиндермен ұйымдастырып, барлық мәселені шешетін де - сол. Сыйлық қоры мен жалпы қаражат жағын қарастыру, келген-кеткен қонақтардың тізімін жасау, байқау күндерін бөлу, сахна "метрлерінің" кештерін ұйымдастыру, қатысушылардың тұрып-жатуларына дейін. Барлығын Алла(Пугачева) шешеді. Ал өзі әншілікпен қош айтысқаннан кейін, ханшайымдай төрден ғана бақылааап отырады бәрін. Жанында отырған 7 бейшараның біреуінде билік жоқ, ләм-мим дей алмайды. Алдарындағы ұпайлар жазылған қатты картондарын көтеріп қана отыру міндеттері, Петрик алу керек дей ме ол, бірауыздан 11ді шығарады төбелеріне. Ревия 3 орын дей ме ол, 3күн бойы ұпайларын шамалап, ол мәселені де шешіп тастайды. "Примадонна" биыл өкпелііі Ресей басшысына. Сонда бұл қасарысып істеп отқан әрекеті ме?! Әйтпесе, Украинаның қос қатысушысының алдыңғы орындарда жүргенін қашан көрдіңдер? Бір жағы, өнерге "Путин саясатының" ықпалы жүрмейтінін көрсеткісі келген шығар. "Өнер - татуластырады" дегені шығар. Сөйте жүріп, ізімен Ресейдің де қос саңылағын жетектеп келе жатқанын қарасаңдаршы?! Не деген, "жарылқаушы" еді өзі. Кәрімов пен Маджоларды артта қалдырып, Киев пен Мәскеудің басын қосқан?! Атағыңды ұрайын сенің ондай, шын мықтыны тұсаулаған!!!
Р.S.: Вообщем, биылғы "Волнаңның" идеясы мен міндеті айқын болды-ау... Оңбай кеткір, Путин! Оңбай кеткір, Порошенко! Сендер болмағанда, тыыып-тыныш Әлішеріміздің "алтын статуэтка" алғанын көріііп, мәз-мәйрам боп отыратын ек...
Келесі жылы қай ел Ресейге жау болса, сол ел ұтатын шығар... Айтпақшы, журналист бір бауырым: "2015-те Қазақстанның атынан Дугалованың(Жанар) қатысатын түрі бар" - деп, бір-ақ кесті(Қатысса, "точно" 1ші орын алады). Әй, бәсее, Есентаева не үшін сондай "ход" жасады деген ек. "Шоу-бизнес те" саясат екен сөйтсем...