Ностальгия болсын деп...

Ностальгия болсын деп...
жеке
блог

Қазір көп адамдар балалық шағын сағынып, еске алып отырады. Бұрын бірге ойнаған достарын, бірге оқыған класстастарын көргенде өткенді еске түсіріп, бір күліп бір жылап алады.

Сіздерге балалық шақтағы қазір қолданыста көп кездеспейтін заттарды ұсынамыз. Өткенді бірге еске түсірейік.

Sega. Басқаны білмеймін өзім сеганы өте жақсы көрдім. Қыздарға қарағанда жігіттер қауымы жақсы біледі. Мортол Комбат, Футбол т.б ойындар өзіне баурап алатын. Балалармен бірге ойын қызығына кіріп кеткенде блокпитания қызып кете беретін. Оның суығанын күтіп, балалармен алысып ойнайтынбыз.

Тетрис. Кішкентай кезінде барлығы ойнады деп ойлаймын. Кезінде бұны ойнау үшін сатып алатын едік. Ал қазір плей маркеттен басып ала салады. Қазір кейбір балалар ата-анасынан телефонды тығып ұстайды ғой. Біз тетристі тығып ойнайтынбыз. Әкемнің "ойынды қойып кітап оқысаңшы" деген сөзін естігеннен кейін кітапқа бас қоятынмын.

Магнитафон. Қазір бұл затты ұстамақ түгілі магнитафон деген сөзде қолданыстан шығып бара жатыр. Бұрын музыка қалтамызда емес тоқтың қасында тұратын. Анамның үй жинағанда музыканы даңғырлатып қоятыны әлі есімде. Біреудің машинасына отырғанда "магнитафонның касетасы бар ма?" деп сұрап жататын.

Видик. Көбінесе отбасымызбен жиналып той көретінбіз. Апамыз келіп: "Әй ана видігіңді қосшы Асхаттың тойын көрейік" дегенде ұшып барып қосатынбыз. Бәріміз тойды комедиялық кино көргендей көретінбіз. Тіпті тілектің өзін соңына дейін көреміз. Өткізіп жіберу деген тема жоқ.

DVD (дивиди). Видиктің заманын бітірген осы бәле. Кейін келе тойдың бәрін дивидидан көретін болдық. Біреудің үйіне барғанда "жақсы киносы бар дискілер бар ма?" деп сұрайтынбыз. Әкем маған дивидиді қосып берші дейтін. Теледидардың артына қызыл, сары, ақ тоғын жалғап жатқанда өзімді мықты программист сезінетінмін. Отау ТВ болмағанда әлі қолданатын едік.

Домашний телефон (домашкы). Яғни үй телефоны. Қазір біреудің үйінен осы телефонды көргенде "қойшы, әлі осындай ұстайсыңдарма не?" деп күліп қараймыз. Қолданатын адамдар әлі де бар екені қуантады.

Құрметті достар, бұйыртса ностальгиялық заттарды әлі де жалғастырамын. Яғни жалғасы бар.