«Нөмір»ленген ойыншылардың құпия «нөмір»лері

«Нөмір»ленген ойыншылардың құпия «нөмір»лері
жеке
блог

Негізінен алаңға ойынға түскенде футболшылардың «нөмір»ленген жейдемен шығуы, оларды әу басында бірін екіншісінен айыру үшін ойлап табылған еді. Сол уақыттары стадиондағы жанкүйерлер алаңда ойнаушы футболшыларды бір бірінен айыра алуы қиын болатын. Алғаш жейделер «1»ден «11»ге дейінгі сандармен белгіленген болатын. Кейінірек басқа сандарда енгізіле бастады. Бүгінгі күнде ойыншылар «1»ден «99»ға дейінгі сандарды пайдаланады. Сирек болсада алаңдағы футболшылардың жейдесінен әдеттегі сандардан басқа сандарды кездестіріп жатамыз. Бір кездері  Шотландияның «Абердин» клубы ойыншысы Хишем Зеруали жанкүйерлерді таң қалдырып, алаңға «0» санымен түскен еді. Жанкүйерлері оны еркелетіп, «Зеро» деген лақап атта қойған болатын...

  «1» саны негізінен қақпашыларға тиісті. Сол себептіде бұл санда басқа амплуа өкілдерінің ойынға шығуы ерекше көріністердің бірі. Мысалы, бір уақыттары  «Чарльтон» мүшесі  Стюарт Балмер, «Слима Уондерерс» клубы өкілі  Жо Бринкет, «Партизан» футболшысы  Симон Кукчевич және АЕКте қызымет еткен Пантелис Кафес қақпашыларға тиісті болған «нөмір»мен алаңға шыққан.. Сондай ақ,  Чиапасско қаласының «Ягуар» клубында ойнаған  Адольф Баутиста Мексика футбол федерациясы рұқсатымен  «1» санында алаңда әрекет еткен. Кейінірек ол  Гвадалахараның «Депортиво» клубына өтіп ол жерде  «100» санмен алаңға түскен...

  1996|1997 жылдардағы маусымда Мексиканың  «Монтеррей» клубы өзінің жетекші футболшыларынан бірі - Хесус Арельяноға «400» санын берген. Оның негізгі себебі, сол уақыттары футболшының туған қаласы өзінің 400 жылдық мерейтойын тойлап жатқан болатын. Бразилияның «Гояс» командасы қақпашысы Харли де 400-юбилей ойынында осы «нөмір»лі жейдені пайдаланған. Австриялық Андреас Херцог ұлттық құрамадағы өзінің 100-ойынында, жейдесіне «100» санын тағып жанкүйерлерін таң қалдырған болатын...

1958 жылы әлем  чемпионатында алтын медальді иеленген Бразилия ұлттық құрамасының қақпашысы Жилмар «3» санында алаңға шыққан. Голландия ұлттық құрамасы  голкипері  Янгблад болса мундиалда «8» санында әрекет еткен.

2011 жылы Азия кубогында Өзбекстан ұлттық құрамасының футболшысы  Улуғбек Бақоев шабуылшылар үшін жат болған  «2» санында алаңға екі рет шығып, 2 гол соққан.

Жапонияның көптеген футболшылары  4 – санындағы жейдемен алаңға шығудан бас тартады. Олардың сенімі бойынша «күншығыс елі»нде «4» саны «өлім» сөзімен мағыналас екен. Сол себепті  жапон футболшылары бұл санды қасиетсіз санап, одан алыс жүреді.

Чилилік Иван Саморано «Реал»дан Миланның «Интер» клубына өткен соң өзінің сүйікті саны - «9»ды иеленді. Бірақ кейінірек клубқа  Роналдо қосылған соң, Самораноның «нөмір»ін бразилиялық футболшыға береді. Содан соң  «Иван Грозний» «18»ді өзіне алады және сандар арасына «}» белгісін қосып қояды.

«Интер»ге келіп, Иваннан «9» санын «тартып» алған Роналдо, «Милан»га өткен соң бұл санды клубтың фантастик шабуылшысы  Филиппо Инзагиден ала алмады. Сол себепті ол екі тоғызды бірлестіруді ұйғарады және  «99» санын жейдесіне белгілетеді. Ең қызығы ол «Милан»дағы ойындары уақытында 9 гол соғады. Кейінірек «Милан» құрамына қосылған бразилиялық және бір танымал футболшы  Роналдиньо да әдеттегі сан бос болмауына байланысты, өзінің туған жылы «80» санын алуды ұйғарады. Осы футболшылардан кейін «Милан»ның және екі мүшесі әдеттегі сандардан өзге сандарды пайдаланған. Робиньо «70» санын алған болса, Антонио Кассано Роналдодан қалған «99»ды таңдаған.

Аргентина футбол федерациясы 1974 жылдан 1986 жылға дейінгі әлем чемпионаттарында даудың алдын алу мақсатында футболшыларға санды алфавиттік  ретпен есімдеріне қарап таңдауды дәстүрге айналдырған. Сол себепті кипер Убалдо Филол өз қақпасын алғашында «5», кейінірек «7» санындағы жейдеде қорғаған, жартылай қорғаушы Освальдо Ардилес болса ӘЧ-82де «1» санында алаңға шығып, қарсыластар қақпасына допта соққан...

«Рубин» футболшысы  Кокдениз Карадениз жейдесіндегі  «61» саны Трабзон өңірінің автомобиль кодын білдіреді. «Спартак»тан «Челси»ге өткен Юрий Жирков «18» санында алаңға шыққан. Бұл оның 18 млн. фунт стерлингке сатып алынынғанын білдіреді екен. Владислав Вашук «Спартак»тан «Динамо»ға өткен соң «27» санын таңдаған. Бұл санды алуына ұлының  27-сінде туылғанын себеп етіп көрсеткен....