NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Інжу Тінәлі «Бала құқықтары: іштен көзқарас» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.
Аталмыш конкурс ҚР Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың ұйымдастыруымен өтті. Жобаға еліміздің барлық аймағынан 300-ге жуық бала қатысқан.
Інжу конкурсқа «How to prevent bullying in schools?» – «Мектептегі буллинг қалай азайтамыз?» тақырыбындағы эссе жұмысымен қатысып, Гран-при иегері атанды.
– Мен балалар бірін-бірі ренжітпесе екен деймін. Өзімнің жұмысымда осындай шараларды алдын-алудың алғышарттарында көрсеттім. Конкурсқа
қатысқаныма қуанамын, – дейді, Інжу.
Сондай-ақ, байқау жеңімпаздары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Динара Закиевамен кездесіп, еліміздегі ресми құжаттар – заң қалай қабылдайтынын өз көздерімен көріп қайтты.