Н.Жантөрин театрындағы Сұлтан Бейбарыс қойылымы

Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы театрында «Сұлтан Бейбарыс» қойылымы көрсетілді. Премьерасы осыған дейін болғаныменен, көрермен залға лық толы болды. Залда осы спектакль шығармашылығына ат салысқан кісілер де, облысымыздың әкімі көрермен қатарынан табылды. Бұл қойылымға аса мән берілуі, «Қазақфильм» бастауыменен түсірілген «Сұлтан Бейбарыс» ролін сомдаған Нұрмұхан Жантөриннің 95 жылдығы да болып табылады.

Әдеттегі болып жүрген спектакльдерден ерекшелігі лед-экран қолданылуы болды. Меніңше, өте жақсы шешім секілді. Оқиға болып жатқан кезеңді тереңірек сезінуге көмектеседі. Екінші айта кететін жайт, бұл жерде тек театр актерлары ғана емес, өлкеміздің бетке ұстар С.Сариев жетекшілігінде «Жорға» би ансамблі қатысуында болуы. Бұл ақпаратты соңында таныстырып, атап өткенде білдім. Оған дейін, «керемет, актерлар қысқа уақыт ішінде осылай билеп  үйреніп алды ме екен?!» деген ой болды. Осы уақытқа дейін айтып келемін, театрымыздың актерлік шеберліліктері әр дайым жоғарғы деңгейде, әр қайсысы өз рөлін жақсы алып шықты. Басты рөлді, Сұлтанның қарт кезін Меғдат Өмірәлиев сомдады. Ұзақтығы бір жарым сағатқа созылды. Осындай қысқа уақытта, ұлы тұлғаның өмірін көрсету оңай шаруа емес. Театр ұжымының үлкен жұмыс жасағаны көрініп тұр.

Тағы қоса айтатын ақпарат, Сұлтан Бейбарыстың өмірі, Мысыр шаһары туралы кеңірек білгіңіз келсе Е.Тұрсыновтың «Мәмлүк» (Мамлюк) кітабын оқуға кеңес беремін. Бұл кітапта автор араб елдеріне сапарында жиналған құнды деректермен кеңінен бөліседі.

Көрермендерге кішігірім ескерту айтуға болады, қойылымға өзімен маска ала жүру керек екен. Себебі, қойылым барысында сахнада әсерлендіру үшін газ буын жібереді, кейбір адамдарға жақпауы мүмкін, сондықтан маска кию арқылы қорғанасыз. Әйтпесе, байқағаным, сол будан кейін залда адамдар көп жөтеліп кетті, бірінші рет байқауым емес. Осындай қажетті кеңес. 



Бөлісу: