«Невероятная жизнь Уолтера Митти» фильмінен кейін туған ой

«Невероятная жизнь Уолтера Митти» фильмінен кейін туған ой
жеке
блог

Сонымен, осыдан бір сағаттай бұрын көрген кином туралы сөз қозғасам. Фильмдегі актерлердің сомдау деңгейі туралы емес, тек осы кинодан алған әсерім туралы бөліскім келеді.

Фильмнің алғашқы минутынан бастап менің көңіліме жақын екені байқала түсті. Уақыт кеңістігімен өз-өзін әлемге басқаша көзқараспен аша бастаған бас кейіпкердің орнында өзімді көріп тұрғандай сезіне кеттім. Жаңа кейіпкердің бойындағы батырлық әрекеттердің өз бойыңнан табылса екен деп те ойға батасың. Бір кездерінде сақалы бар жаңа басшыны жек көріп кетесің. Уолтердің қызбен кездескен жерінде онымен бірге қысылып, ыңғайсыздана бастайсың. Дәл осы киноның бас кейіпкерінің рөлі сен үшін жазылғандай сезіледі.

Ал азаттықты қуып ел кезіп кетуге шешім қабылдаған кезде сен де бар жұмысыңды тастап тек интуицияға беріліп қана жол тартып кеткің келеді екен. Әлемнің әр жеріндегі таңдап алынған пейзаждар тіпті көздің жауһарын алады. Мен бас кейіпкермен бірге көкке самғағандай болдым. Сосын менің ол үшін қуанғаным, ол өз дегенінен таймай сол мақсатына жете алды.

Мен бұл фильмнен нені үйрендім? Тек өз жолыңды өзің өзгерте алатыныға, ал оған өз мақсатыңа қарай қадам баса білуіңе нық сенімді болуың керек екен!