Нет человека-нет проблемы...
блог
Әлем. Бұл барша адамзаттың ортақ үйі. Жан-жануарлар мен өсімдік атаулының мекені. Біздің әдемі де, қолайлы ғаламшарымыз. Біз өмір сүріп жатқан орта. Біздің отанымыз, қаламыз,үйіміз, отбасымыз, ата-анамыз бен достарымыз. Жарайды «Әлем» сөзін тар мағынасында алып қарайық: «Әлем» Зат есім. Жалпы есім, ең тар мағынасында 5 әріптен тұратын жай ғана сөз. Иә, әлдекімдерге жай ғана сөз. Солай-ақ болсын.
Ал, Адам-барлық тірі ағзалардың ішіндегі ең саналы жаратылыс. Адам-өте қуатты күш. Бүкіл әлемді жандандырып, тіпті жойып жібере алатын мүмкіндігі бар. Мүмкін сондықтан болар біздің әлемге бей-жай қарауымыз. Алайда, әлемде біз мән бере бермейтін бірақ, өте маңызды жағдайлар болып жатыр. Болған және әлі де бола береді. Қашанға дейін дейсіз ғой?! Әлем түгелдей жоқ болғанша. Мен жаһандық мәселелер туралы айтып отырмын. Ал әлемде орын алып жатқан кез келген мәселенің 95 % -і АДАМның ықпалының әсерінен. Енді ойланып қарайық, жай ғана қағаз. Бір тонна қағаз өндіру үшін 3,5 м.куб ағаш қажет. Бұл шамамен 400 қап А4 форматындағы қағаз. Ал, сіз күнделікті қанша қағаз жұмсаймын деп ойланып көрдіңіз ба? Таңғы астан кейінгі қол сүртетін майлық, күнделікті газет-журналдар мен кітаптарды есептемегенде ресми іс-қағаздар немесе реферат, өзіндік жұмыстар және өзге де құжаттар. Қазіргі күні кез келген іс құжат арқылы нақтыланып, бекітіледі. Ал сіз қандайда бір анықтама алу үшін кемінде 4-5 парақ құжат оның көшірмелерін жинайсыз. Кейде әрқайсысынан 2-3 дана қажет болады. Осылайша, сіз өмір бойы шамамен 2-3 немесе оданда көп ағаштың кесілуіне себеп боласыз. Дәл сіздей тағы миллиардтаған адам барын есептеңіз. Ал бір фирма, үлкен компания, алып холдингтерде қаншама құжаттар мен қағаздар шығындалады десеңізші. Ол қағаздар тағы да шамамен 3 ағашқа тең. Ал бұл шама олар үшін жылына. Иә жылына 3-4 ағаш ештене етпес. Алайда, қаншама фирмалар мен компаниялар, түрлі орталықтар бар? Бүкіл орман үлесі 3,4 млрд га.құрайды. Ал ,жылына 12 млн.га орман қағаз өндірісі үшін адам қолымен оталып жатыр. Құрылыс материалдары үшін кесілетіндері тағы бар. Табиғи өрттердің орын алуы жиілеп келеді. Оған да адамның қатысы бар. Ал күнделікті қолданатын қағаз бен қоса кәдімгі қарындаштың өзі жыл 15 миллиард данадан шығады екен. «Бір тал кессең, он тал ек» демей ме? Ал, сіз осынша өнімді тұтынып, қанша ағаш ектіңіз? Адам қолымен жасалған «апаттар» қашан тоқтайды? Ғаламдық бүкіл адамзаттық деп атақ берген мәселелер қандай? Оны мектеп оқушыларына дейін біледі, бірақ, кім қаншалық қандай шара қолдануда? Мәселен:
- Экономикалық және әлеуметтік теңсіздік пен артта қалушылық.
- Табиғи және минералды ресурстардың сарқылуы
- Азық-түлік жетіспеушілігі және аштық
- Озон қабатының жұқаруы және тесілуі
- Ауру мен өлім-жітімнің көбеюі
- Маскүнемдік пен наркотәуелділік
- Ядролық қару
- Діни және нәсілдік бөліну
- Терроризм
- Соғыс
- Туу көрсеткішінің азаюы (Континеттік қартаю)
- Жемқорлық
- Өндіріс орындарының көбеюі нәтижесінде:
- Ауаның ластануы
- Климаттың өзгеруі
- Түрлі табиғи апаттардың орын алуы
- ЖАҺАНДЫҚ жылыну т.б.
Адамға қажетті дүниелердің өндірісі үшін, қаншама табиғи ресурстар құртылуда. Ал, енді «жаһандық жылыну, экологиялық проблема, өзге планетадан адамға қолайлы жер іздеу» деп дабыл қағудамыз. Бізге қолайлының бәрі аспанда емес жерде ғой. Жер ана бізге барын беруде. Мәселе Марсты зерттеп, өзге планета іздеуде ғана емес, мәселе мынада, біз алған нәрсеміздің 50 пайызын да қайтармаймыз. Соның кесірінен адамзаттың жаһандық мәселелері орын алуда. Мүмкін бәріне кеш шығар, мүмкін бәрін түзетуге миллиардтаған миллиондаған жыл қажет шығар, бірақ, неге бүгіннен бастамасқа? Әрине, әлемді өзгертейік не болмаса өндіріс орындары завод,фабрикалар керек емес, көлікпен жүрмейік дегенім емес, тек табиғатқа тепе-теңдік пен баланс қажет шығар?! Жер-ананың берген байлығын ысырап қылмай, мүлде жойылып кетпес үшін алғанымыздың үштен бірін болса да қайтарып, құрып бара жатқан нәрсені қайта қалпына келтіруге ұмтылсақ. Және бұл жай ғана сөз емес іс жүзінде көрініс таппаса, мың тіпті жүздеген жылдан кейін-ақ осынау тамаша ӘЛЕМ жоқ болуы ғажап емес. Иә, 5 әріп емес 5миллиграмм су да қалмауы мүмкін. Сталиннің «Есть человек-есть проблема, нет человека-нет проблемы»-деген сөзін естіп құрбыларыма қалжыңдайтын едім. Бірақ, аталған мәселелер әлдеқайда салмақты. Біз болашағымызды жарқын, дамыған мемлекеттер, әдемі зәулім үйлер мен ғимараттар, адам күшін қажет етпейтін құрылғылар, түрлі технологиялар мен қолайлы да, бақытты өмірді елестетеміз. Бұлардың бәрі бізде бар. Арман емес-шындық. Ендеше,адам қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Адамның ақыл-ойы өзінің қамын жасауға ғана емес, табиғат үшін де пайдалы болса, адамзат баласын біз ойлағаннан да керемет болашақ күтері анық...
Және сөз соңында мына бір бейне роликке назар аударсаңыздар. Ғаламдық жылыну мен адам әрекеті неге әкеп соқтыруы мүмкін? (жеке өзіме қатты әсер етті. осы мақалаға түрткі болды десем де болады. Мағынасы терең....)