«Неміс» атауы қайдан шықты?

Қазақша «неміс» сөзі орыс тіліндегі «немец» сөзінен алынған. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл сөздің шығу тарихы былай екен: Ертеде орыстар деревнясына басқа халықтың адамдары келеді. Орыстар ол халықтың тілін түсінбегесін оларды «немцы» деп атайды екен, яғни «сақаулар» деп. Содан бері Германия халқын  орыстар «немцы» деп атап кеткен.

Өткен ғасырда, көптеген елдерде Кеңес үкіметі орнағаннан кейін және де орыс тілінің басымшылығынан, «немец» сөзі басқа да елдер тіліне еніп кетеді.

Немістерді бірнеше елдер әртүрлі атайды екен, соның ішінде жиі кездесетіндері:

«Немец» - деп, көбінесе кеңес одағында болған елдер;

«Герман» - деп, ертеде латындар, гректер, ағылшындар ж.б.;

«Аламан» - деп, француздар, испандар ж.б.;

«Алман», «Елман» - деп, түріктер, әзірбайжандар, арабтар ж.б.;

«Сакс» - деп, финдер, эстондар ж.б..

Ал, немістер өз елін «Deutschland» («Дөйтчләнд») деп атайды, яғни «Дөйттер елі» деп.

Айта кетелік, қазақ шежіресінде кіші жүздегі Алшыннан тарайтын «Дөйт» руы бар, шежіреде одан ұрпақ қалмаған деп көрсетілген. Тарихшы Асқар Селеубаев дөйттерді ұрпақсыз қалған жоқ, олар ертеде  көшпен Еуропаға кеткен дейді.

p.s. Болашақта Германия халқын «сақау» демей, «герман» немесе «алман» немесе «дөйт» деп атаған дұрыс шығар?



Бөлісу: