Сен неге сондайсың? Мен сені сүйген ем ғой... Сені деймін- ау, сенің бұрынғы қалпыңды. Неге өзгердің? Айтшы, неге өзгердің? Сен бұрын сырбаз, салмақты, сөзге шешен, сезімге тәкаппарлау сері едің ғой? Дәл менің арманымдағы, арманымдағы деймін- ау, армандап үлгермеген «ақбоз атты ханзадамнан» да асып түскен ең ғой? Мен оны елестетіп көрмесем де, сен кезікпегенде сендегі образда армандайтын ба едім?
Бірақ сен өзгеріп кеттің... Бір- ақ сәтте, сенің өзгеруің үшін 60 секунд та қажет болмады- ау... Сені кінәлаудан аулақпын. Бәлкім өзім...өзім бәріне себепкер болған шығармын... Мені орынсыз қазғанған боларсың... Сен мені шынайы сезіміңмен сүйетінсің! Әлі де сүйетін шығарсың... Ол сезіміңді маған көзің айтатын. Жанарыңа жанарым тоғысқанда іштей маған деген шексіз махаббатыңның нұрына шомып тұратын едім... Сен мені сондықтан да қызғандың. Бірақ оның ақымақ қызғаныш еді... Мен сенен өзгеге жанырымды да бұрып қарамайтынмын... Бірақ сен шектен тыс қызғандың...Бәлкім мені ұнатып, сырттай ғашық болған адамдар саған күдікті әңгімелер айтқан болар... Әйтеуір сен мені жазғырудан жалықпайтынсың... Жолдастарыңмен арадағы араздастық, үлкендерден алған соққы, жігіттіктің бітпейтін жыры дұрыс іске аспаса да бар ашуыңды менен алғың келетіндей көрінетін.
Білесің бе, сәл ғана мәселең болса, маған келетін едің... Ол өзіңнің қолыңнан келіп тұрса да өзің істемейтінсің. Ал мен сенің көңіліңе қарап, өзіме уақытым жетпей тұрса да келісе салатынмын. Маған еркелейтін едің... Иә... Еркелейтін едің! Мен «ақ боз атты ханзадамды» армандамасам да, оның жанында мен еркелеп, тентек болып жүрсем, ол маған салмақты қарап жанымда ағамдай қамқор болып жүреді деп ойлайтынмын. Ал сен басқаша болдың... Сен барлығын өз қалауыңша істеуге ұмтылатын едің. Мен әрдайым сенің ырқыңа көндіге бердім...
Қашанға бірақ?! Маған деген шексіз сезіміңнен, сол сезімнен туындаған ессіз қызғаныштың тар шеңберінен мен қысылып кеттім... Өзімді қапаста қалған жандай сезіне бастадым. Иә! Сен қызғаншақтығыңмен қоймай, тым талапшыл болдың! Сол талартар бір- біріне тізбектеліп менің әлемімді тарылтты, менің шексіз әлемімді тарылтты. Маған ауа жетпейгендей болатын... Еркін тыныстағым келетін...Барлығын сенің қалауыңмен істеу...өз қалауымды, өз мақсатымды жоққа шығарып, сенің ықтиярыңа көне беруден шаршадым...Бәлкім бұл барып тұған өзімшілдік шығар..! Сен тым ашуланшақ едің... Мен өз мақсаттарымды айтқанда, мысқылдап күлетінсің... Ол мақсаттарды менің жүзеге асыра алатыныма сенсең де, мойындағың келмейтін... Мені өзіңнің талаптармен тарылған тар әлеміңде ұстағың келетін... Мен сәл қарсы ой айта бастасам, ашу шақыратын болдың... Тіпті мені жансыз заттай көре бастадың. Отыру керек болса отырғызып, тұру керек болса тұрғызып, жүру керек болса жүргізгің келді. Менің де қалауы бар, арманы, мақсаты бар адам қатырында екенімді ұмыттың- ау?!
Мен өзіңе қанша қарсы шықсам да, қанша ренжісем де сенің «жаным, сені сүйем!» деген сөзің ғана менің бар ашуымды сейілтіп жіберетін. Мен өзіңді ессіз сүйдім ғой өйткені! Қанша ашуланып, бір- бірімізге дауыс көтерсек те, сен соңында «мен сені ешкімге бермеймін!» дейтін ең, мен саған сол үшін де ынтыққан болармын...
Бірақ...бәрінің де кемері бар екен... Иә... Бір кезде тасып- асып жатқан сезімімнен бүгін бір тамшы да қалмады... Сен сол күні сезімім құйылған құтыны төңкеріп салған едің... Иә, өз қолыңмен төге салғансың... Бірақ, оның қайтып толмайтынын, төгілсе де бәрі құмға сіңген судай жоғалып кететінін ойламаған шығарсың... Бірақ, солай болды... Менің өзіңе деген ессіз махаббатым бір- ақ сәтте өшті де қалды... Мен өзім де қайранмын! Бір кезде жүрегімнің тынышын алған сол сезім енді жоқ мына менің жұмыр жүрегімде! Жоқ!
Саған деген сезімім сарқылса да, мен өзіңді сыйлаудан тыйылған емеспін... Басыңнан қанша қиындық өтіп жатқанымен, сезіммен бара алмасам да, саған деген сыйластығымның сыры кеткен емес... Сенің жаныңды жараламасам екен дедім... Бірақ, сен менің оралғанымды қалайсың... Өзің ойлашы, саналы жансың ғой! Өзіңе деген өр сезімім «өліп» қалған, бір де бір жұрнағы да қалмаған сезімсіз жүрегіммен қалай жаныңда болам? Өзімді қалай алдаймын?! Мені жек көріп кетсінші деп сен жек көретін талай істі де істедім... Менен бос үмттенбегеніңді қаладым... Ал сен үмітіңді үзбейсің...
Мен сені құлай сүйгенім үшін де өзімді жек көремін! «Махаббаттан қатыгездікке бір- ақ қадам» дегенді түсінбейтін едім... Бірақ, өзім солай істедім ғой! Бір кездері жүрегімді ұсынған жанды бүгін қателігім деп жүрмін... Сол үшін де өзімді жек көремін! Мен қандай адаммын өзі? Жүрегім қайда? Бұрындары әркімнің жабырқаған көңіліне жаным ауыратын әсершілдігім қайда қалған менің? Жүрегім тас болып кеткеннен сау ма? Мен сенімен не үшін таныстым?! Неге саған ғашық болдым? (Аллам асылыққа жазбасын..!)
Мен ойлаған ем...айтарын айтып бұрылып кетіп қалар...мен оған ешкім болып қалармын...өзін алдымда асқақ ұстап кетіп қалар деп ойладым. Сен өйтпедің...сезіміңді сөзіңмен айта бердің...айта бердің... Сен маған айтатын ең ғой, мен тәкаппарлау едім деп... Ендеше қайда сол жігітке, ер-азаматқа тән тәкаппарлығың?! Неге қыз алдында сонша төмендейсің? Менен бір елі де алыстағың келмейді... Мен сенің көңіліңді қалдырған ем ғой... Саған ұнамайтын қылықтарды істедім... Кейде бәрін қойып, қайтып жаныңа барғым келеді, қайтып бәрін бастай алам деп те ойлаймын... Бірақ, өзімді, жүрегімді алдап жаныңда болғаныммен, бәрібір сені бақытты ете алмаймын ғой неге түсінбейсің? Неге солай? Әлде бұл махаббат емес пе? Махаббат болса, неге жоқ болып кетті? Ізі де қалмаған ғой? Неге қатыгезденіп кетті жүрегім? Сен неге өзгердің? Сені жек көрем! Өзімді жек көргізгенің үшін! Өзімді жек көрем! Сені жек көретіндігім үшін! Аллам, өзің кешіре гөр!