Неге мен?
блог
Уимбэлдон (Wimbledon) жарысының алғашқы афроамерикандық чемпионы атанған теннис ойыншысы Артур Эш (Arthur Ashe) қан құю кезінде СПИД жұқтырып, өлім төсегінде жатқанды. Жанкүйерлерінің біреуі:
―Осындай ауыр ауру үшін Құдай неліктен ғана сені таңдады?! - деп сұрайды.
Сонда Артур былай деген екен:
―Күллі дүниеде 50 миллион бала тенниске қызығады, 5 миллионы теннис ойынын меңгереді, 500 мыңы ғана кәсіби теннисші болады, 50 мыңы түрлі сайыстарға қатысады, 5 мыңы үлкен жарыстарға дейін жетеді, солардың ішінен 50 шақтысы ғана Уимблдонға кіреді, 4-і жартылай финалға жетсе, 2-і ғана финалда ойнайды. Қолымда чемпиондық кубок болғанда Құдайға "Неге мен?" деп еш сұраған емеспін. Қазір өлім төсегінде жатып, Құдайға қалайша "Неге мен?" деп айта алам...?
суретте: Артур Эш