Неге қыздар ауыл жігіттерін ұнатпайды????????

Неге қыздар ауыл жігіттерін ұнатпайды????????
жеке
блог

Бүгін таңертең автобуста, құлағыма научник тағып ап, өлең тығдап келе жатқанмын, жұмысқа! Кенет бір гүбір-гүбір деген дыбыс атрқы жақтан шығып, дұрыстап өлең тыңдатпай қойды. Сөйтсем бір қыз телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Ақырын тыңдап көріп  ем, қызық әңгімелер өрбіп жатыр екен. Содан бір жағынан жыным келіп, бір жағынан музыканы өшіріп тастап, әлгі қыздың әңгімелерін тыңдай бастадым:

Қыз бұрынғы (бывший) жігітімен сөйлесіп жатқанға ұқсайды:

Қыз:  -Ия! Қазір бір жігітпен жүріп жүрмін ("ол қандай жігіт" деп сұрақ қойған сияқты)

Қыз: -Ну енді сен сияқты емес, оны мен как всегда сенімен салыстырамын, помнишь сенімен жүргенде мен тек қана сені ойлайтынмын, ол сен сияқты емес. Аулда өскен жігіт қой. Онымен жүргенде өзімді неудобно сезінемін. (неге?)

Қыз: -Ол өте ақылды секілді, көптеген нәрселерді меннен сұрайды, мен білмеймін деймін, өзімді оның қасында тупой сезінемін. (ол қайда жұмыс істейді сонда)

Қыз: - "Аском сервис" деген фирмада айтишник болып, интернет орнатады, вопшім компьютер жағынан. Ия оның бір жақсысы целеустремленный жігіт та. (ол енді жақсы емес па?)

Қыз: -Ия жақсы, Онымен мен тек дос болса ғана деймін, ойткені ол иманды, сондай жігіт та. (несі ұнамайды сонда)

Қыз: Сол ауылдың жігіті болғаннан кейін ба? Білмеймін! Мінездеріміз сәйкес келмейтін секілді! (автобустан шығып кетті)

 

Бұл қызға қарап, НЕГЕ осы ҚЫЗДАР ауылдың жігіттерін жақтырмайды деген ойға шомылып кеттім???????